Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
РӘМІЗДЕРДІ ДҰРЫС ҚОЛДАНА БІЛЕЙІК

Мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік рәміздерді насихаттау, түсіндіру, мекемелерде дұрыс орналастыру тәртібіне қатысты жұмыстар әлі де жүргізілуде.
Бұл жайлы Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры Руслан Хамза «Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында өткен кездесуде айтты.
Аудан және округ әкімі аппараттарының, мекеме мамандары, ұстаздар қатысқан жиынға арнайы келген Руслан Пангерейұлы рәміздерді ұлттық стандартқа сай қалай қолдану керектігін түсіндірді.
- Біздің орталықтың бастамасымен Қазақстан бойынша 2300-ден астам қалалық, аудандық, кенттік, ауылдық округ әкім аппараттары арасында Мемлекеттік рәміздердің ұлттық стандартқа сәйкес екендігіне мониторингілеу жұмысы жүргізіліп отырады.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаның ескі бейнесін қолданып жүрген жергілікті әкімшіліктер саны 328, мемлекеттік бланкіде Елтаңбаның бейнесі жоқ 47 әкімшіліктерде, әкім аппараттарында мемлекеттік мөрлеріндегі Елтаңбаларында «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы «QAZAQSTAN» латын қаріптеріне ауыстырмағандары 562 әкімшілік аппараттары уақытында ауыстырмаған болып шықты.
Мемлекеттік мекемелердің рәміздерді пайдалану ережесін бұзу фактілері көптеген жерде талқыланбайды. Әр облыс, қала, аудан мен ауылдың әкіміне дейін барып аралап, тәуелсіз мониторинг жасау керек. Ол  арнайы мемлекеттік тапсырыс арқылы жасалуы қажет. Рәміздерді дұрыс қолдану бағытындағы жұмыстар жүйелі жүргізілетін болса, сонда ғана оның нәтижесін көретін боламыз,-деп сөзін түйіндеді  Р.Хамза. 
Сонымен қатар Руслан Пангерейұлы ресми түрде мемлекеттік нышандар емес, Мемлекеттік рәміздер, мемлекеттік стандарт емес, ұлттық стандарт, «Әнұран» емес, «Гимн» сөзін қолдану керектігін айтып өтті.
Кездесу соңы сұрақ-жауапқа ұласып, қабырғаларға Мемлекеттік Гимннің мәтінін ілген кезде оның үтір, нүктесіне дейін дұрыс жазылуына мұқият қарау қажеттігін ескертті.

Арайлым Қасқырбайқызы.

Обновлено 04.06.2023 11:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін442
mod_vvisit_counterКеше685
mod_vvisit_counterОсы аптада442
mod_vvisit_counterӨткен аптада5474
mod_vvisit_counterОсы айда17378
mod_vvisit_counterӨткен айда20198
mod_vvisit_counterБәрі2039869

Серіктестер