Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
ЕҢБЕК АДАМЫ - ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

«Amanat» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Еңбек адамы» партиялық жобасы шеңберінде «Маңдай тер» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Қарапайым мамандық иелерінің  көзге көрінбей келе жатқан еңбектеріне құрмет көрсету мақсатында  ұйымдастырылған шараға Диқан ауылынан Жорабай Заурбаев, бурылдық Сады Қуатбеков, Мырзатай ауылынан Өмірбек Сүлейменов, Ынтымақ ауылынан Самат Баймамыров,  байзақтық Әділхан Ноғайбаев, түймекенттік Төрехан Төлендиевтер арнайы шақырылды.
Жиынның алғашқы сөзі талай жылдар бойы шопан болып, өмірдің ауыртпалығына төтеп берген Жорабай қарияға берілді. Онда Ж. Заурбаев мал бағу, малдың басын көбейту, сол салада кездескен қиындықтар, өмірінде орын алған қызықтарымен де бөлісті. Сондай-ақ келген қонақтар ретімен сөз алып, еңбек ету барысындағы бастарынан өткен оқиғалары мен естеліктерін де айта отырды.
Шара соңында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова мен «Amanat» партиясы аудандық филиалының төрағасы Индира Спаналиева қонақтарға жылы лебіздерін білдіріп, келген қонақтарға Алғыс хат пен сый-сияпаттарын табыс етті.

Арайлым Нарбатырова.

Обновлено 04.06.2023 11:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін425
mod_vvisit_counterКеше685
mod_vvisit_counterОсы аптада425
mod_vvisit_counterӨткен аптада5474
mod_vvisit_counterОсы айда17361
mod_vvisit_counterӨткен айда20198
mod_vvisit_counterБәрі2039852

Серіктестер