Онлайн газет



ЖОҢЫШҚАҒА ОРАҚ ТҮСТІ

Өткен жылға қарағанда биылғы жылдың көктемі егін егіп, одан өнім жинау анау айтқандай жақсы болып тұрған жоқ. Олай дейтініміз ерте көктемдегі азын-аулақ жауын мен сәуір айының орта кезіндегі  1-2 күнгі жаңбыр болмаса жерге ылғал түспеді. Соңғы жауыннан кейінгі бірнеше күнгі желде жерді ерте құрғатып жіберді. Соған қарамастан аудан шаруалары жоңышқасының шығымы жаман емес.
Біз Қостөбе ауылының күн батыс жағындағы егістік алқабына барғанымызда қайнаған қызу еңбекке тап болдық. Алқапта қаз-қатар тізілген қыз-келіншектердің алуан түрлі көшеттерді отырғызып жатқанын көрдік. Сондай-ақ олармен қатарлас алқаптағы орылып, кептірілген жоңышқаны тайлап, буып жатқан 2 трактордың дауысы бұл өңірдің тыныштығын «бұзып» тұрғандай.
Алқаптағы алғашқы танысқан азамат осындағы 12 гектар жоңышқалықтың иесі, Қостөбе ауылы ғана емес, ауданымызға белгілі механизатор Айтмахан Пернебаев болып шықты. Айтмаханнан жоңышқаның шығымы, оны жинау барысы туралы сұраған едік.
-Бұл кешегі совхоздар кезінде картоп егілген жер. Жер құнарлы болғандықтан картоп мол жиналатын. Ол кезде мен совхозда механизатор болатынмын. Кейін осы жерді алып, жоңышқа өсіріп келемін. Егерде егін суы уақытылы беріліп тұрса жоңышқа 3-4 мәрте орылып алынады. Апта басында алғашқы орымды бастап, бүгін тайлап, буа бастадық. Өздеріңіз көріп тұрғандай шығымы жақсы. Әр орымнан 1200-1300 –дей түк аламыз. Алдағы күндері су тұрақты берілсе дұрыс болар еді,-дейді тәжірибелі механизатор Айтмахан Пернебаев.
Қысқа күні бұрын дайындықты бастаған Айтмахан жоңышқалығын екі тракторшыны жалдап орғызған екен. Енді жалдамалы Ермахан Сырғабаев пен Виталий Архар буып-тайлауда. Екі трактордың да жүрістері шапшаң. Олар алқапты бірінен кейін бірі лезде айналып өтуде. Әр 4-5 метр сайын дайын түктердің түсуіне қарағанда жоңышқа шығымының жоғары екендігін байқауда қиын емес.
-Мен үйде қой, сиыр ұстаймын. Алдымен өзіме қажетті шөптерімді жинап аламын. Содан соң қалғанын сатамыз. Қазірдің өзінде алқапқа келіп, жоңышқаны сатып алып жатқандар бар,-деді қоштасарда Айтмахан Тәжібайұлы.
Жоңышқаның алғашқы орымы Қостөбе ауылы ғана емес басқа да ауылдық округтерде басталып кетті. Ендігі мақсат - оны дер кезінде жинап алып, алдағы жауапты науқан – мал қыстатуға дайындық болып отыр.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
Қостөбе ауылы.

Обновлено 04.06.2023 11:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1471
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада8140
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда37743
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245129

Серіктестер