Онлайн газет



ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІ НЕГЕ КЕНЖЕЛЕП ҚАЛДЫ?

Өткен аптада Бурыл ауылдық клубында сегізінші сайланған аудандық мәслихаттың «Білім, тілдерді дамыту, мәдениет, ұлттық және азаматтық келісім, жастар ісі және спорт мәселелері» жөніндегі тұрақты комиссияның көшпелі отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың аппарат жетекшісі Исағали Сәлімбаев, комиссия мүшелері, аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі, Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығы қызметкерлері, ауданымыздағы спорт мектептерінің директорлары және ауыл, ауылдық округтердегі спорт нұсқаушылары қатысты.
Отырысты аталған комиссияның төрайымы, депутат Гүлбаһрам Ермекова ашып, жүргізіп отырды. Онда алдымен аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ерік Мамадияров «Ауданда бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту және оған жастарды баулу, жастардың денсаулығын сақтау жұмыстарының атқарылу барысы туралы» баяндады.
-Ауданымызда жергілікті тұрғындар арасында бұқаралық спортты және саламатты өмір салтын кеңінен насихаттау барысында мақсатты жұмыстар жүргізілуде. Ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 428 53 адамға немесе жалпы халықтың 40,5 пайызын құрап отыр. Олардың 12757-і 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер болса, 15657 адам 14-29 жас аралығындағы жастар, ал 14439 адам  29 жастан жоғары азаматтар. Ал оларға 1 стадион, 1 ашық теннис корты, 4 спорт кешені, 207 жазықтық құрылғы, 43 спорт залы, 26 жапсарлас спорт залдары қызмет етеді. Бұлардың ішіндегі Бурыл ауылындағы «Али-Нұр Арена» шағын футбол алаңшасы, Сарыкемер, Мырзатай ауылдарындағы жаттығу спорт залдары жекеменшік иелігінде. Бұл спорт нысандарының барлығы ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануларына қолжетімді екенін айта кеткен жөн.
2022 жылы жергілікті бюджеттен Кеңес, Абай ауылдарына құны 19300 мың теңгені құрайтын 2 спорт алаңшасы, ал «Туған елге тағзым» жобасы аясында Үлгілі, Шахан ауылдарында 2 кіші футбол алаңшалары салынып, ел игілігіне берілді. Ал биылғы жылы Сарыкемер ауылында құны 318,8 млн. теңгені құрайтын дене шынықтыру – сауықтыру кешені құрылысын, Жақаш, Жібек жолы, Базарбай, Талас ауылдарынан спорт алаңшаларын орнату жоспарланып отыр. Үшбұлақ ауылынан балалар ойын алаңын соғуға жергілікті бюджеттен 43,9 млн.теңге бөлінді.
Аудандағы 1 мамандандырылған және 3 балалар жасөспірімдер спорт мектептері мен Бұқаралық іс-шаралар өткізу орталығы аудан жастарын спортқа тәрбиелеуде айтарлықтай жұмыс атқарып келеді. Нәтижесінде 5 оқушымыз «Халықаралық дәрежедегі спорт шебері», 7 оқушы «ҚР спорт шебері», 152 оқушы «Спорт шеберлігіне кандидат» атағын иеленсе, разряды бар оқушыларда аз емес. Олар спорт мектептерінде спорттың 18 түрімен айналысады. Олардың арасында тоғызқұмалақ, қазақ күресі, көкпар, құсбегілік тәрізді ұлттық спорт түрлеріде бар.
Ауданда өткен жылы 23715 адамды қамтыған 592 спорттық іс-шара өтсе, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында өткен 167 спорттық іс-шараға 6427 адам қамтылды. Ауданда кейінгі жылдары асық ату, көкпар, ат спорты, тоғызқұмалақ, құсбегілік, жамбы ату сияқты ұлттық спорт түрлері жанданып келеді. Бұл спорт түрлерімен 1000-ға жуық адам шұғылдануда.
Біз алдағы уақытта да аудан спортының дамуына өз үлесімізді қосып, ауданымыздың абыройын асқақтататын саңлақ спортшылардың көптеп шығуы жолында еңбек ете беретін боламыз,-деді Ерік Қамбарұлы.
Аталған тұрақты комиссияның мүшесі, депутат Құралай Үкібаева қаралып отырған мәселеге байланысты алдын ала арнайы топ зерделеу жұмыстарын жүргізгенін атап өтті. Онда алдымен аудандағы жастарды спортқа тәрбиелеудегі жақсы жұмыстарға тоқталды. Содан соң орын алып отырған кемшіліктерді де атады. Мәселен, Жетібай ауылындағы спорт мектебі мен Бурыл ауылындағы денешынықтыру-сауықтыру кешеніндегі кемшіліктер айтылды. Аталған мектептерде ұлттық спорт түрлерінен бірде-бір үйірменің жұмыс істемейтіндігі қатты сынға алынды. Көкпар, қыз қуу, асық ату, ләңгі тебу тәрізді қосымша қаржыны талап етпейтін үйірмелердің ашылмай отырғаны түсініксіз екенінде жасырмады. Сондай-ақ Азия, әлемге танымал саңлақ спортшыларымыздың жетістіктерін насихаттау, өз спортшыларының жетістіктерін жарнамалау, көрнекі құралдарды ілу жұмыстары қолға алынбаған.
Жетібай ауылындағы спорт мектебі ғимараты ескі екені белгілі болды. Ескі болғандықтан санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес келмей отырғандығы өкінішті.
Отырыста №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер, Ж.Үшкемпіров атындағы №9 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің директорлары Аслан Айтбеков пен Асқар Шаухаров, Жібек жолы ауылындағы  №5 мектептің дене тәрбиесі пәні мұғалімі Мұхтар Тоқтиев, тағы басқалар сөйлеп, аудандағы жастарды спортқа баулу туралы өздерінің ой – пікірлерін білдірді. Ең алдымен жергілікті жерлердегі спорт нұсқаушыларына қамқорлық керек екендігі баса айтылды. Олар әкімдікте арнайы бөлме, қажетті құрал-жабдық, спорттық инвентарлармен қамтамасыз етілуі керектігі, содан кейін ғана олардан жұмыс, нәтиже сұралуы тиіс екендігі сөз болды. Ұлттық спорт түрлері үйірмелерін көбейту үшін қосымша штат енгізу қажеттігі де айтылмай қалмады.
Отырыста комиссия мүшесі, депутат Айдын Қалабаев ауданда ат спорты қолға алынып жатқанымен әлі күнге бірде-бір атшабар алаңының жоқтығын сынға алды. Ал депутат Гүлсүн Ешеева Талас ауылынан жақсы спортшылар шығып жатқанымен  әлі күнге спорт алаңшасының соғылмай отырғанын көтерсе, депутат Гүлбаһрам Ермекова Киікбаев атындағы мектеп қазандығының орнына спорт комплексі соғылса деген ұсынысын жеткізді.
Айтылған ұсыныс, көтерілген мәселелерге аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е. Мамадияров жауап берді.
Отырыста қаралған мәселеге байланысты тиісті қаулы қабылданды.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
Бурыл ауылы.

Обновлено 04.06.2023 11:49
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін86
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада5086
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда34689
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2242075

Серіктестер