| ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ |
|
ХХІ ғасыр – білім мен ғылым ғасыры. Осыны ұғынған бүгінгі жас ұрпақ жақсы оқып, биік белестерді бағындыруға ұмтылуда. Білім мен біліктілік сайысында көкталдық жастар да алдыңғы орындардан көрініп келеді. Жуырда аталмыш білім ордасының оқушылары
Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі ұйымдастырған “Бейбітшілік әлемі” атты І фестивальден жүлдемен оралды. Нақтырақ айтсақ, фестивальде бақтарын сынаған Көктал орта мектебінің оқушысы Жадыра Махрубаева «Латын әліпбиіне көшуге дайынбыз ба?» тақырыбындағы ғылыми жұмысымен жүлделі І орынды иемденсе, осы мектептің 10-сынып түлегі Дана Жаңбырбаева сөз мәйегі – мақал-мәтелдер бойынша өз жұмысын сәтті қорғап, ІІ орынды қанжығасына байлады. Байқауда сонымен қатар, 7-сынып оқушысы М.Бақаев «Бөлтірік шешеннің шешендігі мен тапқырлығы» атты ғылыми жобасымен сынға түскен болатын. Жас дарын Мұхамедәлі аталмыш жобамен ІІІ орынды жеңіп алды.
Өз тілшіміз. |
| Обновлено 04.03.2014 10:15 |
Халыққа жолдау











![]() | Бүгін | 1946 |
![]() | Кеше | 1953 |
![]() | Осы аптада | 1946 |
![]() | Өткен аптада | 23281 |
![]() | Осы айда | 36229 |
![]() | Өткен айда | 110461 |
![]() | Бәрі | 4196710 |
Серіктестер














