Онлайн газет



ОҚУШЫЛАРҒА КЕҢІНЕН АҚПАРАТ БЕРІЛДІ

Ауданымызға қарасты Жамбыл, Гоголь, Н.Киікбаев, Ғ.Мұратбаев, Сарыкемер мектеп гимназиясында және №4 мектеп-лицейінде өткен шараға аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері: аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” Дін істері бөлімінің басшысы Алмас Құлымбетов, аталған бөлімнің Жастармен жұмыс жөніндегі маман теолог  Сәуле Арғынбаева, облыс әкімдігі білім басқармасының Байзақ аудандық білім бөлімінің әдіскері Зәуре  Сатылғанова қатысты.
Шара барысында  мектеп  оқушыларының діни сауаттылығын арттыру, теріс діни ағымдардың жетегінде кетуден сақтандыру, діни тағаттылықты арттыру, конфессияаралық достықты сақтау, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, сондай-ақ,  деструктивті діни ағымдардың зияны жөнінде кеңінен ақпарат берілді.
Мұнымен қатар жастарға дінге қызығушылықта ақпарат көздерін дұрыс таңдауға көңіл бөлу керектігі де баса айтылды. Бұдан бөлек топ мүшелері бүгінгі таңда жас ұрпақтың тәрбиесіне баса көңіл бөлудің маңыздылығын айтып, олардың тура жол таңдауда жаңылыспауына ықпал ету керектігін жеткізді.
Іс-шара барысында дәстүрлі дін туралы видеороликтер көрсетіліп,  жастар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер назарға алынды. Өз кезегінде мектеп оқушылары мамандардан өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.  
Сонымен қатар  аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық ақпараттық-түсіндіру және мобильдік топ мүшелерімен семинар өтті.

Гүлшахар ӘБДІҚҰЛОВА,
ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

Обновлено 04.06.2023 11:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін501
mod_vvisit_counterКеше1348
mod_vvisit_counterОсы аптада7719
mod_vvisit_counterӨткен аптада8176
mod_vvisit_counterОсы айда32065
mod_vvisit_counterӨткен айда62198
mod_vvisit_counterБәрі2396325

Серіктестер