Онлайн газет



ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛГЕН КҮН

Балаларды қорғау күніне орай Ақәділ Суханбаев атындағы  балалар саябағында «Бақытты балалық шақ» атты концерттік іс-шара өтті.
Айтулы шараға қатысқан  аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов, аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Шары Абдурасулов, Жамбыл облыстық  полиция департаментінің  есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Айгерім Асанқызы  ретімен сөз алып, балаларды мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді. 
Мерекелік шарада Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты қосымша білім беру мекемелерінің өнерпаздары би мен әннен, жырдан шашу шашып балаларға естен кетпес көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Н.Киікбаев атындағы мектеп-гимназиясының  2 «В»-сынып оқушылары «Дети Казахстана», «Біз бақытты баламыз» әндерін орындады. Сондай-ақ «Кербез», «Еркеназ», «Балауса», «Балдәурен» би топтары мың бұрала билеп, өз өнерлерін көрермендерге паш етті. Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Вокал» үйірмесінің  оқушысы Айлара Талғаттың орындауында «Көңілді күн» атты әні шырқалса, «Шабыт» триосы да «Жайна Жамбылым» әнімен көпшіліктің құрметіне бөленді.
Сонымен қатар мультфильм кейіпкерлерінің костюмін киген мектеп оқушылары, саябаққа жиналған бүлдіршіндермен би билеп, ойын ойнады. Айта кететін жайт, концерттік бағдарламада көптеген балалар қалыс қалмай, бар өнерлерін ортаға салды. Әсем әндерін әуелете шырқаумен қатар спорттық жарыс түрлерінен де сынға түсіп, жеңімпаз атанғандар арнайы медальдар және дипломдармен марапатталды.
Балаларға қуаныш сыйлаған мерекелік шара соңында аудандық білім бөлімі, қосымша білім беру мекемелерінің  басшылары атынан барлық балаларға тегін балмұздақ таратылды.

Айнұр АСКЕРБАЙ,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 04.06.2023 11:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін235
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5886
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1793
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253462

Серіктестер