Онлайн газет



ТҮЛЕКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінде «Жомарт түлек» жобасы аясында «Мамандықты таңдау- болашақты таңдау» тақырыбында
кездесу өтті.
Директордың бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасарлары Айсұлу Даутбаева, Ермек Нұрабаев және Жомарт Нұрлановтардың ұйымдастыруымен өткен шараға  мектептің бұрынғы түлектері: Мәдімар ауылының тумасы, Ресей Федерациясы мен Татарстан Республикасында өткен аударыспақтан Әлем чемпионы Данияр Смайылов, жеке кәсіпкер Жамбыл Дәулетов, ата-аналар комитетінің төрағасы Ырысбек Қосыбаев, ауылдық амбулаторияның бас маманы Шынар Мырзабаева және Ұлттық Ұлан 5513 әскери бөлімінің взвод командирі Жандос Құрмановтар  қатысты.
Ұлттық спорт түрлері: көкпар мен аударыспақтан Әлем чемпионы Данияр Смайылов өз сөзінде  спортпен жас кезінен  шұғылдану, ерінбей еңбектену арқылы жетістікке жетуге болатындығын, саламатты өмір салтын ұстану жөнінде мағыналы әңгіме қозғады. Ресей және Татарстан жерінде өткен әлемдік чемпионатта ел абыройын қорғаудың оңай болмағандығын, женіске жеткен кездегі қуанышын әдемі жеткізе білді. Әрмен қарай сөз алған ата-аналар комитетінің төрағасы Ырысбек Қосыбаев  сапалы білім алудың  маңыздылығын айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, ата-ананы тыңдау, үлкендерді сыйлау, кішіге қамқорлық көрсету, білімді терең игеру, мамандықтың бәрі қадірлі екендігі туралы ойымен бөлісті. Жеке кәсіпкер Жамбыл Дәулетов кәсіпкер болу үшін табандылық, төзімділік, көп еңбектену  керектігін айтты. Ауылдық амбулаторияның бас маманы Шынар Мырзабаева болса  дәрігер болудың  қыр-сыры жөнінде ойымен бөлісті. Ұлттық Ұлан 5513 әскери бөлімінің взвод командирі Жандос Құрманов әскери қызметтің қиындығы мен жақсы жақтарын,Отанды қорғау-абыройлы міндет екендігін, ер балаларды Отан алдындағы борышын өтеуге дайын болу керектігіне екпін салды.Сонымен қатар түлектер жеткен жетістіктері, оқытқан ұстаздары,  мамандықты дұрыс таңдау, мамандықтың бәрі жақсы екендігі турасында ақыл-кеңестерін айтып,  оқушылармен емін-еркін дидарласты. Болашақ кәсіпті қателеспей таңдап елге, туған жерге адал қызмет ету, білім алудың маңызы туралы ойларымен бөлісті. Осылайша  9-10-сынып оқушылары өздерін қызықтырған барлық сұрақтарына жауаптар алды.
Кездесу соңында оқушылар қонақтармен естелікке суретке түсті.

Айсұлу Даутбаева,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Обновлено 04.06.2023 11:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін211
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8725
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38328
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245714

Серіктестер