Онлайн газет



ЕРКІН ПІКІР АЛМАСТЫ

Сарыбарақ негізгі мектебінде «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» тақырыбында дөңгелек үстел  отырысы өткізілді.
Отырыстың мақсаты- мамандық таңдау кезінде оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешу. Адам өмірінде мамандықтың алатын орны мен маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Білім алушыларға  кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатын көздеген шараны мектеп директорының міндетін атқарушы Қарлығаш Кенжебаева ашып, бүгінгі шәкірт-ертеңгі болашағымыз екендігіне екпін салды. Жобаның негізгі мақсаттарын таныстыра келіп, мамандықты таңдаудың маңызы мен мәнін түлектерге жете түсіндірді. Оқушыларға ізгі тілегін айтып, келген қонақтармен таныстырды. Мамандықтардың қоғамдық қажеттілігі мен болашағын түлектерге толық түсіндірді.
Отырыс қонақтары, атап айтқанда, кәсіпкер демеушіміз, құрылыс менеджері Нұржан Сембеков, қамқоршылық кеңестің төрағасы, жеке шаруа қожалық иесі Бейсетай Үсіпбаев, ауылымыздың ардақты азаматы, механизатор Әзімбек Әбдіханов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, ардагер ұстаз Жасұлан Мамасеріков, М.Әуезов атындағы орта мектептің директоры Перизат Тлегенова, аталған білім ордасының география пәнінің мұғалімі Нұрболат Шөпеков, фельдшер Мұрат Сатенов, мектебіміздің түлектері, ауданымыздағы №8 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі басшысының орынбасары-Жандос Есбергенов, Темірбек ауылдық округі аппаратының бас маманы Нұрдос Есбергеновтер ретімен сөз алып,  өздері таңдаған кәсіптерінің ерекшеліктері мен қол жеткізген жетістіктері туралы айтып берді.
Қонақтардың құрметіне 6-сынып оқушысы Дарын Есбергеннің орындауында «Мен қазақпын» әні әуелей қалықтап, жүректерге жетіп жатты. Мұнан соң  8-9-сынып оқушылары қонақтарға көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, бір-бірімен еркін пікір алмасты. Мектептің әлеуметтік педагогі Тәжігүл Нұрхожаева  «Менің арманым» тақырыбында тренинг жүргізді. Шара соңында оқушылар  қонақтармен естелікке суретке түсті.
Жас ұрпаққа саналы тәрбие беріп, болашағына дұрыс бағыт сілтеу-ұстаздар қауымы мен ата-аналар қауымына да ортақ іс. Сондықтан бүгінгі іс-шарадағы ақыл-кеңес білім алушыларымызға  үлкен ой салып, болашақта өз мамандықтарын дұрыс табуына ықпал ететіндігіне сенімдіміз.

Меруерт Махамедова,
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары.
Сарыбарақ ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін506
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада7784
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда25863
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2233249

Серіктестер