Онлайн газет



ОРМАН ӨРТІНЕ ЖОЛ БЕРМЕЙІК

Өрт қауіпсіздігі – өмір қажеттілігі. Орман және дала өрттерінің алдын алу, оны болдырмауға бағытталған үгіт-насихат жұмыстары аудан көлеміндегі мекемелерде, ауылдық округтер мен шаруа қожалықтарға таратылатын ескерту хаттар жатады. Орманға барар жолдарда, демалатын жерлерде, орман жұмыстары жүріп жатқан жерлерде ескертпе тақтайшалар (аншлагтар), хабарламалар арқылы өрттен сақтандырулар шаралары жасалуы қажет. Алайда осыларды орман-тоғайлы жерлердің маңында демалушылар ескере бермейді. Мұндай ескертулерге әрқайсымыз байыппен қарайтын болсақ, орманды өрттен қорғауға, аман сақтауға ықпалымыз тиері анық.
Қазақстан Республикасы Экология және Табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің  2023  жылғы 16 наурыздағы №27-5/46-НҚ бұйрығына сәйкес, Жамбыл облысында 20 наурыздан бастап орманда өрт қаупі бар маусымы басталды. Қазақстан Республикасының Орман кодексінің 15-бабының 11-тармақшасының талабына сәйкес  Жамбыл әкімдігінің 2023 жылғы 28 наурыздағы «Жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» №46 қаулысына орай, орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде (1 маусымнан 20 қыркүйекке дейін) жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынғанын ескертеміз.
Осыған орай, мемлекеттік орман қоры аумағына кіріп шығатын техникаларда ұшқын сөндіргіштері және алғашқы өрт сөндіру құралдары болуы міндетті. Орманда өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғандары үшін кінәлі тұлғалар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын назарға алуларыңыз қажет.
Құрметті аудан тұрғындары! Өрттің-тілсіз жау екенін және өрт болған жерде көптеген шығындар келтіретіні бәрімізге де белгілі. Орман-тоғайларда өрт орын алса оңайлықпен  сөнбейді, айналысындағы бірнеше шаршы метр жерге дейінгі өсімдік ағаштарды, аң-құстарды және ұяларын жояды. Сондықтан табиғат берген байлықты сақтап, орман қорын қорғап, өсімін молайтуға көпшілік болып атсалысуымыз керек. Орман өрттері орын алған жағдайда “101” немесе 2-18-66 телефонына хабарласыңыздар.

Мақсат Заурбеков,
Байзақ ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің орман қорғау және күзету бас инженері.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін958
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада5958
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35561
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2242947

Серіктестер