Онлайн газет



ОҚЫРМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«AULIEATA-MEDIA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев, серіктестікке қарасты  облыстық «Aq jol», «Знамя труда» және  «Аr-Ai» газеттерінің Бас редакторлары Хамит Есаман, Татьяна Борисенко, Тұрсынбек Сұлтанбековтер оқырмандармен кездесті.
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында өткен жиынды аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов ашып, жүргізіп отырды. Алғаш сөз алған «Aulieata-Media» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Бас директорының орынбасары Алпамыс Қазыбаев кездесудің басты мақсатына, мерзімді басылымдарға екінші жартыжылдыққа жазылу науқаны алдында оқырмандармен жыл сайын кездесіп тұратындығын айтты. Облыс әкімінің тікелей тапсырмасымен биылдан бастап қаламақы төлеу мәселесі қолға алынғандығын жеткізді. Жиналғандарды «Aulieata-Media»  ЖШС-іне қарасты «Aq jol»,“Знамя труда, ”Ar-Ai” газеттері мен “Jambуlinfo” ақпараттық агентінің журналистері оқырманның көтерген мәселесін басты назарда ұстайтындығын, осы мақсатта “Жедел желі” айдарына хабарласуға болатындығын және аталған газеттерге «Каspi.кz» қосымшасы арқылы жазылуға болатындығын атап өтті. Бұдан соң сөзді алған   облыстық «Aq  jol» газетінің шолушысы Амангелді Әбіл халық саны жағынан Қордай, Шу аудандарынан кейін Байзақ ауданы тұрғандығын, талай рет іссапармен өңірге келіп, көкейкесті  мақалалар жазылғандығын еске алды. Халықтың мерзімді басылымға деген көзқарасын айтып, әлеуметтік желінің де уақыты өтетіндігін, ел, халық барда газет өмір сүретіндігін, «Aq jol» газетінде  көрнекті жазушы Мұхтар Әуезовтың “Түркістан солай туған” атты очеркі алғаш басылғандығын, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесі Кемел Тоқаевтың, басқа да алып тұлғалардың жұмыс жасағандығынан ақпарат берді.  Аталған басылымға осы ауданның азаматы, белгілі жазушы-журналист Арғынбай Бекбосын ағамыздың бірнеше жыл басшылық жасағанында тілге тиек етті. Сондай-ақ осы өңірдің тұлғалары Жақсылық Сәтібеков пен Тұрсынхан Тоқынбайұлының да біздің газетте қолтаңбалары қалды. Олар өздері ғана танымал журналистер болып қана қоймай, көптеген шәкірт тәрбиелегендерін де баса айтты. Әлеуеті зор мүмкіндікке ие ауданның тыныс-тіршілігі, бүгінгі өмірі, жеткен жетістіктерін насихаттап келе жатқан басылымдардың таралымын көбейтуге атсалысуға үндеді. Әрбір отбасы аталған үш басылымға жазылатын болса, өсіп келе жатқан жас ұрпақ ертең одан байланысын үзбейтіндігін жеткізді. Әрмен қарай облыстық «Aq  jol», «Знамя  труда», «Аr-Ai»  газеттерінің Бас редакторлары Хамит Есаман, Татьяна Борисенко, Тұрсынбек Сұлтанбековтер ретімен сөз алып, оқырмандармен жүздесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдауды жөн көргендіктерін, газет-қашан да оқырманымен ғұмырлы екендігін, әр оқырманның құнды пікір, ұсыныс-тілектері газет жұмысында міндетті түрде ескерілетінін  мәлімдеді.
Кездесу барысында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Салтанат Иманова  аталған басылым беттерінде ауданымызда атқарылып жатқан игілікті істердің жүйелі жазылып келе жатқандығын, газеттердің мазмұны тереңдеп, тақырып ауқымы кеңейгендігін атап өтіп, аталған басылымдарға қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімінің орынбасары Талғат Салқанұлы оқырманға рухани байлық сыйлайтын басылымдарға қолдау әрдайым болатындығын айтып, журналистер шығармашылықтарына табыс тіледі.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 26.05.2023 09:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін269
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8783
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38386
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245772

Серіктестер