Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ ЗАҢНАМАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметті түбегейлі жаңғыртуды ел дамуының жаңа кезеңіндегі басым бағыттың бірі ретінде айқындады.
Болашақта мемлекеттік аппараттың бюрократия көріністерінсіз, адал, әділ, халыққа адал қызмет етуге бағытталған сервистік моделі қалыптасуы керек. Бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік қызметке кіруді және одан шығуды жеңілдету, дарынды басқарушыларды және жеке сектордан кәсіби мамандарды мемлекеттік қызметке тарту шараларын қамтиды. Мұны жүзеге асыру үшін тиісті заңнамаға бірқатар өзгеріс пен толықтырулар енгізілді.
Мысалы, енді мемлекеттік грантпен оқу орындарын жоғарғы көрсеткішпен аяқтаған үздік түлектер аудан мен ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалатын болады. Бұл білікті жастарды мемлекеттік қызметке ынталандыруға, жас мамандардың аудан мен ауылдық аймақтарға оралуына, сонымен қатар өңірлердегі кадр тапшылығын азайтуға септігін тигізіп, мемлекеттік қызметке кіруді жеңілдетеді.
Заңнамадағы келесі жаңашылдықтардың бірі – саяси қызметшіні «сенім жоғалтуына» орай жұмыстан босатуға байланысты. Заңға сәйкес, саяси қызметшi саяси мiндеттердi iске асыруға жауапты. Яғни, саяси қызметшіге жүктелген жауапкершілік үлкен. Енді, Президент Әкімшілігінің тапсырмасы бойынша өз өкілеттігін тиісінше орындамаған саяси қызметшіні «сенім жоғалтуына» орай жұмыстан босату институты енгізіледі. Мұндай босату туралы шешімді Мемлекет басшысы ғана қабылдайтын болады.
Сонымен қатар, әкімшілік мемлекеттік лауазымдарды атқаруға қойылатын талаптарға өзгерістер енгізілген. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2022 жылдан бастап ауыл/ауылдық округ әкімі лауазымына жұмыс өтіліне қойылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда, орта арнаулы білімі бар адам үміткер бола алады. 2023 жылдан бастап, аудандық/қалалық деңгейдегі бөлімнің және ауылдық жерлерде бас маман лауазымдарға орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барлар үміткер бола алады. Бұрын қолданыста болған заңнамаға сәйкес, бұл лауазымдарға жоғары білімі барлар ғана үміткер бола алатын.
Осыған байланысты, енгізілген өзгерістерге байланысты көптеген жастардың мемлекеттік қызметке түсуге мүмкіндіктері жоғары.

Еркін Заурбеков,
аудан әкімі аппаратының  басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін275
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8789
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38392
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245778

Серіктестер