Онлайн газет



АУДАН ӘКІМІ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН ҚАБЫЛДАДЫ

Өткен аптада аудан әкімі Бақыт Қазанбасов аудан әкімдігінде өздерінің кәсіби мерекелеріне байланысты бірнеше мәдениет қызметкерлерін қабылдады.
- Елімізде әртүрлі жағдайларға байланысты мәдениет және спорт салалары басқа салаларға қарағанда шеттеп қалып еді. Алайда кейінгі жылдары бұл екі салаға да мемлекет тарапынан қолдау жақсара түсті. Соның дәлелі мәдениетке де, спортқа да үкімет тарапынан қаржы көптеп бөлінуде. Нәтижесінде ауыл-ауылдарда мәдениет үйлері, клубтар, спорт алаңдары соғылып, ел игілігіне берілуде. Мәселен, ауданымыздағы Тегістік ауылында жаңадан клуб соғылса, биылғы жылы Кеңес ауылында клуб салуға қаржы бөлінді. Алдағы жылдары Мырзатай, Ақшолақ ауылдарында да клуб соғу жоспарда бар. Өнер адамдарына да жағдай жасалуда. Мұндай қамқорлық алдағы уақыттарда да жалғасын таба беретін болады.
Сіздерді мәдениет және өнер қызметкерлері күні төл мерекелеріңізбен құттықтап, алдағы уақытта да өнерлеріңіз өркендеп, табыс биігінен көріне берулеріңізге тілектеспін,-деді аудан басшысы Бақыт Қазанбасов.
Аудан әкімі мәдениет және өнер саласында айтарлықтай жетістіктерге жетіп, жүргені үшін ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысып аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Салтанат Өмірбекова, аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Өсер Нұрбаев, айтыскер ақын Әсет Дүйсебаевтарға аудан әкімінің грамотасын, ал аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің директоры Мейіржан Досмұратов, мекеменің бас есепшісі Роза Құралбаева, «Шахан» халық театрының режиссеры Бақытжан Байкүшіковтерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыс етті.
Марапатталғандар атынан аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ө. Нұрбаев сөз алып, өздеріне көрсетіліп жатқан құрмет үшін аудан басшысына алғыстарын айтты. Алдағы уақытта да ауданның абыройы үшін мәдениет және өнер саласында аянбай еңбек ете беретіндіктерін жеткізді.
Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Талғат Жамалов пен аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Сәкен Сыздықов қатысты.

Сүндетулла АБЫЛАШҰЛЫ,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 23.05.2023 15:03
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1643
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6643
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда36246
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243632

Серіктестер