Онлайн газет



Алуан-алуан ақпарат

ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАДА ТОП ЖАРДЫ

Н.Сүгірбеков,
“Ауыл жаңалығы”.

Өткен аптада Ж.Үшкемпіров атындағы спорт сарайында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру ғылыми-практикалық орталығы мен аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлесе ұйымдастыруымен қол күресінен 1997-1998 жылы туылған колледж және  мектеп оқушылары арасында

 

Жамбыл облысының VII жазғы спартакиадасы болып өтті. Екі күнге созылған іс-шараға Тараз қаласы мен алты ауданның намысын қорғаған 110 спортшы қатысты.
Ахмет Алиев төрағалық еткен жарыс қорытындысында бірінші орын Тараз қаласының, екінші орын Байзақ ауданының, үшінші орын Меркі ауданының командаларына бұйырды.


«Көңілді жастар» ойыны - көңілді өтті

Бүгінде жастардың жан-жақты сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы «Жас Отан» жастар қанаты мен Байзақ аудандық «Жастар орталығының» мұрындық болуымен аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде «Көңілді жастар» КТК ойыны өтті. Оған барлығы аудан бойынша 12 команда қатысып, өзара «сәлемдесу», «үй тапсырмасы», «бейнеклип» сынды сындарда өнер көрсетті. Қызғылықты өткен көңілді жастар ойынында жүлделі І орынды №3 Байзақ колледжінің «Байзақ жастары» командасы, ІІ орынды Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектептің өнерлі жігіттері, ал ІІІ орынды Н.Киікбаев мектебінен келген «Қазақ жастары» командасы иемденіп, ұйымдастырушылар тарапынан дайындалған бағалы сыйлықтармен марапатталып, Алғыс хаттармен мадақталды. Өнер додасында ерекше көзге түскен жас өрендер жекелей аталымдар бойынша да сый-сияпаттарға ие болды.

Өз тілшіміз.

Ақын Арайлым жүлдемен оралды

М.Зикряева,
аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының мәдени іс-шара бөлімінің меңгерушісі.

Жуырда мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларын өткізетін облыстық орталықта оқушылар арасында “Жыр алыбы - Жамбылым” атты жас ақындар айтысы ұйымдастырылды. Аталмыш айтысқа облыс аумағындағы ең таңдаулы 16 жас ақын қатысты.  Айтысты елімізге танымал айтыскер ақын Балғынбек Имашев ашып, қатысушыларға ақ жол тілеп, батасын берді.
Осынау жыр додасына аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының “Ақындар мектебі” үйірмесінің оқушысы Арайлым Сембекова (жетекшісі Әсет Дүйсебаев) қатысып, әділқазы мүшелерінің шешімімен ІІ орын иегері атанды.
Өзіндік тапқырлығымен көптің көңілінен шыққан Арайлым ақын ағымдағы жылдың мамыр айында Сарысу ауданында өтетін айтысты тамашалауға шақырту алды.

Көмек қолдарын созды

“Жақсылық жасауға асығыңдар” деп пайғамбарымыз (с.ғ.с.) айтқандай “Қарттарға қамқорлық” шарасы аясында Н.Киікбаев атындағы орта мектеп тәлімгері А.Назирбаевтың ұйытқы болуымен оқушылардан құралған “Жас ұландықтар” қариялардың үйіне көмекке барды.  Қарттарға көмек қолдарын созған жастар үй аулаларында жиылып, қалған қарларды тазалап, қажетті шаруаларға қолғабыс етті. Ұл-қыздардың үлгі боларлықтай тірліктеріне тәнті болған ата-апалар өз кезегінде оларға алғыстарын жаудырды. Ақсақал С.Жаманғараев ел ертеңі - жас ұрпаққа ақ батасын беріп, үлкен азамат болып өсулеріне тілектестігін білдірді.
Өз тілшіміз.

Обновлено 04.03.2014 10:12
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1851
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1851
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36134
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196615

Серіктестер