
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихаттың «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссияның кезекті отырысы өтті. Оған облыстық мәслихаттағы тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Жолымбетов, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақтияр Ақбаев, аудан әкімінің орынбасары Дулат Жақыпбеков, мәслихат депутаттары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары
қатысты. Жиынды тұрақты комиссиясының төрағасы Елнұрбек Сайланбекұлы ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімдігі қаржы бөлімінің басшысы Жарқынбек Айтқұлов, аудан әкімдігі экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Лесбек Майлыбаев, аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жарқынбек Шогалов, Темірбек ауылдық округінің әкімі Артур Утебаевтар баяндама жасады. Онда былтырғы жылғы аудандық бюджеттің игерілуі мәселесі талқыланып, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді. Тұрақты комиссия отырысында облыстық мәслихаттағы тексеру комиссиясының мүшесі Бауыржан Жолымбетов, Елнұрбек Ермеков 2022 жылға арналған аудан бюджетінің атқарылуы «қанағаттанарлық» деген ұсыныс айтып, ол депутаттар тарапынан қолдау тапты. Сессия соңында күн тәртібіне енгізілген мәселелерге қатысты тиісті қаулылар қабылданып, жұмыс жоспарына сай келесі тұрақты комиссияларда қаралатын мәселелер таныстырылды.
Арайлым Нарбатырова. |
Обновлено 23.05.2023 14:58 |