Онлайн газет



ЧЕМПИОНДАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов 2023 жылдың 1-14 мамыры аралығында бокстан ересектер арасында Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен Әлем чемпионатының чемпионы Асланбек Шымбергенов пен күміс жүлдегері Дулат Бекбауовты марапаттау салтанатына қатысты.
Айта кетейік, аталған байрақты бәсекеге Қазақстан құрама командасынан 13 спортшы қатысса, оның екеуі жамбылдық 67 келі салмақ дәрежесінде Дулат Бекбауов және 71 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан құрама командасының капитаны Асланбек Шымбергенов.
Салтанатты шара барысында жамбылдық жанкүйерлер, жас спортшылар жеңімпаз спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын қошеметпен қарсы алып, құрмет көрсетті.
Айтыскер ақын Нұрлыбек Құрманов спортшыларға арнау айтып, жеңістерін жырға қосты.
- Әлемдік бәсекеде көк Туымызды биікке көтерген өрендеріміз Асланбек пен Дулатты айтулы әлемдік жеңісімен шын жүректен құттықтаймын!
Жамбыл бокс мектебінің жарқын дәстүрін сақтаған спортшыларымыз өздерін нағыз шебер боксшы екендіктерін осы Әлем біріншілігінде айрықша көрсете білді.
Бүгінгі бокс әлемінде өздерінің дара талантымен талайды мойындатқан Асланбек пен Дулат кешегі Жамбыл боксының даңқын төрткүл дүниеге паш еткен Серік Қонақбаев, Болат Жұмәділов, Ермахан Ыбрайымов, Болат Ниязымбетов, Бақтияр Артаев, Ғани Жайлауов, Олжас Сәттібаев, Әбілхан Аманқұл сынды хас шеберлердің жеңісті жолдарын табысты жалғастыра білді.
1999 жылы Хьюстонда (АҚШ) өткен Әлем чемпионатында Болат Жұмәділов алтыннан алқа тақса, араға 24 жыл салып Асланбек Шымбергенов сол жеңісті, сол ерлікті қайталап отыр. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, жоғары мәртебе.
Боксшыларымызды үлкен рингке баулып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері деңгейіне көтерген Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Нұрлан Ақүрпеков пен Ермек Ертаевтардың ерен еңбектерін де айрықша атап өткім келеді,-дей келе Нұржан Нұржігітов боксшылардың ата-аналарына да ризашылығын жеткізді.
Сондай-ақ, аймақ басшысы Асланбектің алтын, Дулаттың күміс медалі – алдағы Париж Олимпиадасының алтын медаліне ұласуына ниеттестігін білдірді. Облыс әкімі спортшыларды марапаттап, сый-сияпаттарын табыстады.
Атап айтсақ, Әлем чемпионы Асланбек Шымбергеновке 3 бөлмелі пәтердің кілті, оның жеке бапкері Ермек Ертаевқа 5 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Ал, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дулат Бекбауовқа 2 бөлмелі пәтердің кілті, оның жеке бапкері Нұрлан Ақүрпековке 3 000 000 теңгенің сертификаты табысталды.
Салтанатты шара барысында қоғам қайраткері, Жамбыл облысы бокс федерациясының тұңғыш президенті Қайрат Шотпақов та өз құттықтауын жеткізіп, спортшылардың елеулі еңбегін атап өтті.
Әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов те өзінің әсерімен бөлісіп, қолдау білдіріп, тілеулес болған барша жанкүйерлеріне алғысын айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Обновлено 19.05.2023 10:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1808
mod_vvisit_counterКеше2503
mod_vvisit_counterОсы аптада8830
mod_vvisit_counterӨткен аптада14688
mod_vvisit_counterОсы айда40699
mod_vvisit_counterӨткен айда50539
mod_vvisit_counterБәрі2344465

Серіктестер