Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында облыс әкімдігі мен «China CAMC Engineering Co., LTD» компаниясы арасында онлайн-режімде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, сондай-ақ оны кеңейтуге қатысты алдағы жоспарларды талқылады.
Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов компания өкілдерін өңірді дамытудың негізгі бағыттарымен таныстырып, Жамбыл облысы мен Қытай мемлекеті арасындағы тауар айналымының артып келе жатқанын атап өтті.
«China CAMC Engineering Co., LTD» бас директоры Ли Хайсин өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, жаңартылатын энергия көздері, инженерлік-инфрақұрылым құрылысы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниеттестігін білдірді.
Сондай-ақ, Жамбыл облысында қуаттылығы жылына 500 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт құрылысын салу жобасы да жан-жақты талқыланды.
Нұржан Нұржігітов мемлекеттік бағдарламалар аясында қажетті инженерлік және теміржол инфрақұрылымымен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
Кездесу барысында Жамбыл облысының әкімдігі мен «China CAMC Engineering Co., LTD» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға онлайн режімінде қол қойылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін82
mod_vvisit_counterКеше1038
mod_vvisit_counterОсы аптада1120
mod_vvisit_counterӨткен аптада8656
mod_vvisit_counterОсы айда6406
mod_vvisit_counterӨткен айда33131
mod_vvisit_counterБәрі1962325

Серіктестер