Онлайн газет



ТАРАЗДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІ САЛЫНАДЫ

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов «Abu Dhabi Sewerage Services Company» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Тараз қаласындағы кәріздік-тазарту құрылыстарын салу жобасы талқыланды.
Аймақ басшысы кәріз инфрақұрылымының ағымдағы жай-күйімен таныстырып,  бұл бағыттағы мәселелерді кешенді түрде шешуге әлеуетті инвесторлардың қатысу маңыздылығын атап өтті.
– Тараз қаласындағы кәріз желілерінің жалпы ұзындығы 300 километрге жуықтайды. Қазір облыс орталығында ғана емес, облыстың үш аудан орталығында да осындай кәріз-тазарту құрылысын салу жобаларын жүзеге асыру тетіктері қарастырылуда, – деді Нұржан Нұржігітов.
Компанияның бас директоры Ахмед Сүлейман Халфан Салем Аль-Шамси жобаның еуропалық талаптар мен стандарттарға сай жүзеге асырылатынын жеткізді.
Өңір басшысы мемлекеттік бағдарламалар аясында жергілікті атқарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілетінін баса айтты.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін226
mod_vvisit_counterКеше1193
mod_vvisit_counterОсы аптада8275
mod_vvisit_counterӨткен аптада9056
mod_vvisit_counterОсы айда6931
mod_vvisit_counterӨткен айда45659
mod_vvisit_counterБәрі2933946

Серіктестер