Онлайн газет



БАЗАЛЫҚ СТАНСАЛАРДЫҢ ҚАТАРЫ АРТАДЫ

Жамбыл облысында өткен халықаралық экономика және инвестициялық форум аясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Байзақ ауданына қарасты Үлгілі ауылдық округінде және Диқан ауылдық округінің Аймантөбе ауылына барды.
Аталған ауылдардағы интернет сапасына қатысты мәселелерді шешу мақсатында елді мекендерді аралаған министр бірқатар кәсіпкермен және ұялы байланыс операторларымен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер нәтижесінде мәселелерді маусым айына дейін шешу жұмыстары қолға алынатын болды.
-Біздің мақсатымыз-осы өңірдегі ауылдарды аралау арқылы елді мекендерге қызмет көрсететін ұялы байланыс операторлары жұмысының сапасын зерделеу. Қандай базалық стансалар салып жатқанын өз көзімізбен көру. Тиісті тарапқа интернет сапасын жақсарту бойынша қосымша тапсырмалар берілді. Бүгін олармен кездесу барысында жоспарларын тыңдадық. Басты мақсат - тезірек базалық стансаларды салып, жергілікті халықты сапалы интернетпен қамтамасыз ету,-деді Бағдат Мусин.
Сонымен қатар, кездесуде жол картасындағы басты бағыт-өңірдегі барлық ауылдарды жылдамдығы жоғары интернет желісімен қамтамасыз ету тілге тиек етілді. 300-ге жуық елді мекендердегі осындай мәселелердің түйінін тездетіп шешу керектігі баса айтылды.

Облыс  әкімінің баспасөз қызметі.

Обновлено 05.05.2023 11:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін290
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9266
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27345
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234731

Серіктестер