Онлайн газет



БІРЛІК - БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

Қазақстан халқының бірлігі күні аудан орталығындағы  Ақәділ Суханбаев атындағы орталық саябақта кеңінен  атап өтілді.
Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір түрлі ұлыстың өкілдері аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарламада өнерлерін ортаға салып,  еліміздің ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлеріне құрметпен қарайтындықтарын көрсетті.
Игі шарада аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Жұманғали Құмғанбаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
- Бүгінгі бірлік күні еліміздің түкпір-түкпірінде кең көлемде аталып өтуде.  Бұл-ырыс-ынтымақты, татулық пен келісімді дәріптейтін мейрам. Ынтығымыз жарасып, еліміздің экономикалық дамуына барлық ұлыстар біріге атсалысып, тындырымды тірліктер атқарсақ табысымыз бұдан да өрлеп, жоғарылай беретініміз анық. Сондықтан бірлігіміз бекем, ынтымағымыз арта берсін. Қасиетті Отанымыздың іргесі бүтін, тұғыры мығым болсын-деп Жұманғали Серікбайұлы ақ лебізін арнады. Аудандық келісім кеңесінің  төрағасы Қыдыралы Оралов та көпшілікті мерекемен құттықтап, халықтар арасындағы достық пен бейбітшіліктің арта беруін тіледі.
Салтанатты шара аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласып, онда Отан, ел, жер, патриоттық тақырыпта әндер шырқалып, өзге ұлт өкідерінің билері паш етілді.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт бөлімі мен Бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында аудандық «Аула ойындары-2023» спорт фестивалінің іріктеу жарысы үш жас ерекшелігі бойынша (10-14 жасқа дейін, 14-18 жас аралығы және 18 жастан жоғары) өткізілді. Спорттың  асық ату, секірмек, ләңгі, орта доп, қалашық ойындары бойынша өткізілген жарысқа 200-ге жуық спортшылар қатысып, кіл мықтылар жеңіс тұғырына көтерілді.
Жүлдегерлер облыстық жарысқа жолдама алып, диплом және медальдармен марапатталды.

Арайлым НАРБАТЫРОВА.

Обновлено 05.05.2023 10:59
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1190
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6190
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35793
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243179

Серіктестер