Онлайн газет



БЮДЖЕТКЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗІЛДІ

Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың кезектен тыс II сессиясы мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен өтті. Сессияға 17 депутаттың 14, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары қатысты.
Сессияда аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №37-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» баяндады.
Депутаттар тарапынан Сарыкемер ауылы ішіндегі үлкен жолдардан өткел орнату, көше бойынан жаяу жүргіншілер жолын салу, аудан мектептерінің қазандықтарына ағымдағы, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар айтылып, қабылданды.
Сессияда аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізіліп, кейбір шешімдердің күші жойылды. Сондай-ақ туристік жарна мөлшері бекітіліп, бірнеше комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін143
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8657
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38260
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245646

Серіктестер