Онлайн газет



СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Сыбайлас жемқорлық-халқымызға жат қасиеттің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Міне осындай жүйелі жұмыстар біздің ауданымызда да жан-жақты жүргізіліп келеді. Ал ол өз нәтижесін де беріп отыр. Соның кейбіріне тоқтала кеткенді жөн көріп отырмын.
Бұрнағы жылдарды айтпағанда 2023 жылдың алғашқы  3 айында ауданымызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның бір отырысы өткізіліп, онда аудан әкімдігіне қарасты бөлімдердің және ауыл, ауылдық округтері әкімдерінің есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, 2023 жылдың І тоқсанындағы “Жалпыға бірдей құқықтық оқуды ұйымдастыру туралы” өкімінің жоспарына сәйкес, құқықтық оқуды өткізудің кестесімен, мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері бойынша 6 оқу сабақтары ұйымдастырылды.
Байзақ ауданы “Жастар ресурстық орталығының” қызметкерлері 2023 жылдың І тоқсанында “Жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу” тақырыбында №3 Байзақ қолледжі білімгерлеріне және білім беру мекемелерінде дөңгелек үстел басында кездесулер өткізілді.
Ауыл жастары арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. “Сыбайлас жемқорлық - қоғам дерті”, “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ”, “Сыбайлас жемқорлық - еліне қорлық” тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылып, жастар арасында сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда жасалынатын іс-әрекеттер бойынша бүктеме қағаздары үлестірілді. Жалпы, жоғарыда көрсетілген іс-шараларға 200-ден астам оқушы қамтылып, 250-ге жуық сыбайлас жемқорлыққа қатысты бүктемелер таратылды.
Халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы құқықтық ақпаратқа барынша қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің сайтында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері” тақырыбында атқарылған жұмыстар бойынша мәліметтер енгізіліп тұрады. Аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдардың ғимараттарында “Сыбайлас жемқорлық - арам ақша арқылы таралатын індет”, “1 пара, 2 қылмыскер”, “Біз сыбайлас жемқорлықсыз әлемді қолдаймыз”, “Сенің ар-ұятың қанша тұрады? “Таңдау өзіңде”, “Өз елінің патриоты жемқорлыққа жол бермейді” тақырыптарында азаматтарға арналған жадынамалар мен сенім телефондары (1424) ілінген. Әр мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнында “Мемлекеттік қызметшіге сыйлық алуға тыйым салынады” деген ақпараттық постерлер мен арыз-шағымдар жәшіктері орналастырылды.
Аудан бюджетінен үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілетін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру” тақырыбына 2022 жылы 700 мың теңге қарастырылып, игерілді. 2023 жылға аталған тақырып бойынша тағы 700  мың теңге бөлінді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында баспасөз беттерінде 7 мақала, әлеуметтік желілерде 3 мақала жарияланып, халық көп шоғырланған жерлерге аудан аумағында үгіт-насихаттық мәнде барлығы 11 баннер орналастырылды.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес - ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Шын мәнінде  жемқорлық-халқымызға жат қасиет. Сондықтанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі-осы кереғар құбылыспен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Ал барлық мемлекеттік органдарының мақсаты-сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және жолын кесу, мемлекеттік қызметте реттік пен тәртіпті күшейтуге бағытталған шараларды қарастыру болып табылады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі Қазақстанның мемлекеттік саясатында басым болып қала беретінін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлық – өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі.Осы бір кереғар құбылыстың алдын алу, жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру, адамгершілік нормаларын сіңіру бағытында жұмыстар жүргізіле беретін болады.

Бақыт ҚАЗАНБАСОВ,
аудан әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін198
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8712
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38315
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245701

Серіктестер