Онлайн газет



“ОТБАСЫ БАНКІ” АУЫЛДЫ ДАМЫТУҒА БЕТ БҰРДЫ

Елімізде 2009 жылдан  бері жаңадан  оқу бітірген жас  мамандар “Дипломмен - ауылға!” мемлекеттік бағдарламасының шапағатын  көруде.  Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес, 1 сәуірден бастап «Дипломмен – ауылға!» жобасының сенімді агенті “Отбасы банк” болып бекітілді. Осы айдан бастап бағдарламаға қатысушыларға “Отбасы банк” арқылы заемдар төлеу қолға алынды. “Отбасы банктің” қашықтан қызмет көрсету департаментінің директоры Арсулан Черниязовпен сұхбатты оқырман назарына ұсынып отырмыз.
“Отбасы банк” үшін бұрын алынған несиелер бойынша клиенттердің ай сайынғы төлемдерін кешіктірмеуі керек. Сондықтан бағдарлама қатысушылары жылдамдатып “Отбасы банкінің” клиенті болуы тиіс.
-Бұрынғы клиенттердің дерегі бойынша бұл шаруаны онлайн арқылы да бітіруге болады. Бірақ клиенттің келісімінсіз ондай қадамға баруға болмайды. Қазір банк бұрынғы оператордан “мұраға қалған” 38 мың адамы бар клиенттік базаны қабылдап қойды. Осыған қарамастан клиенттер “Отбасы банктен” жаңа есепшот ашуы міндетті. 
«Дипломмен – ауылға!» жобасының заемшылары несиелерін төлеуді кедергісіз жалғастыра беру үшін 1 мамырға дейін “Отбасы банкте” есепшоттарын ашуға тиіс болған. Дегенмен мұны жасап үлгермегендер ел ішінде әлі де бар. Біз бұл жайт бойынша алдын ала клиенттерді хабардар еттік. Сол кезден бастап қимылдамағандар төлемдерді кешіктірген болып есептеледі. Клиенттердің есепшоттарымен қатар, депозиттері де бірге ашылатынын атап айтқым келеді. Бұл опция да – осы үдерістің ажырамас бөлігі. Сондықтан азаматтарға бұдан қорқудың, яки немқұрайды қараудың жөні жоқ. Өйткені “Отбасы банк” – жинақтаушы банк болғандықтан, депозит – клиенттерге қызмет көрсетудің бір түрі. Депозит ашу ештеңеге міндеттемейді, керісінше, келешекте «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасына қатысушылар балаларын баспаналы етуді немесе үйін кеңейтуді жоспарласа, бұның  көмегі сол кезде тиеді. Бірақ жұртшылық ол депозитті пайдаланғысы, ақша жинағысы келмесе, оларды ешкім мәжбүрлемейді.
Клиенттер есепшот ашу үшін банк бөлімшелеріне шапқыламай, үйде отырып-ақ смартфонға “Otbasy bank” қосымшасын жүктеп алып, сол арқылы «банк клиенті болуды» таңдауы қажет. Бағдарлама өзі  тексеріп, яғни клиенттің биометриялық деректерін салыстырғаннан кейін тұтынушы барлық  қажетті логикалық әрі ыңғайлы үдерістерді аяқтай алады. Банк клиентіне айналып, ағымдағы шот ашудың тағы бір тиімді жолы  - 300 нөміріне тегін қоңырау шалу. Үшінші әдісі – ең жақын жердегі банк бөлімшесіндегі  кеңес беру мамандарына жолығу. Біз клиенттерімізге барынша ыңғайлы болу үшін бәрін жеңілдетуге тырысып отырмыз. Әзірге олардың үштен бірі ғана ағымдағы шотын ашты.  Ендігі жерде жұртшылықтың  асыққандары абзал.
Тағы бір мәселе “Дипломмен-ауылға!” бағдарламаласына қатысушылардан өтінім  қалай жүргізілетіні.
Өтінімдерді қабылдаудың басталатын күнін банк қосымша хабарламақ. Бірақ бағдарламаға ауылдық жерлерге жаңадан көшіп келген немесе бұрыннан тұрып жатқан бағдарламаға сай келетін нақты мамандық бойынша жұмыс істеп жатқандар ғана қатыса алады. Белгілі бір елді мекендерге қажетті қызметкерлер тізімін жергілікті әкімдіктер өздері жасақтап, ресми сайттарына орналастырады. Содан кейін осы тізім бойынша өтініштер қабылданады. Тағы бір шарты – талап етілетін мамандық бойынша үміткер алдағы уақытта үш жыл ауылда жұмыс істеуі керек.
Өтінімдер қалай беріледі десеңіз, егер бұрын осыған дейінгі оператордың филиалы – “Аграрлық несие корпорациясына” бару қажет болса, қазір компьютер, планшет немесе смартфон болса жеткілікті.
“Отбасы банктің” мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы мен Blockchain технологиясының көмегімен азаматтардың түрлі мекемелерге әуре болмауы тыйыла бастады десек те болады. Жобаға қатысу үшін otbasybank.kz порталында тіркеліп, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қою жеткілікті. Яғни жобаның әлеуеті қатысушыларына eGov мобильді қосымшасын жүктеп алып, оған тіркелу қажеттігі маңызды екенін айта кету керек. Бұл болашақта қатысушылар мемлекеттік деректер қорынан сұралған деректерді растауы үшін қажет.

- Банк өтінімдерді қарау мен өңдеуді қашықтан жүзеге асыратын болса, бұл әкімдіктердің де жұмысын жеңілдете түсетін болар?

- Әлбетте. Клиенттің өтінімі мақұлданса, ол  үй сатып алуға немесе  баспана салу үшін берілетін өте жеңілдетілген несиені, сонымен, қатар “көтерме жәрдемақы” деп аталатын әлеуметтік қолдауды рәсімдей алады. “Дипломмен – ауылға!” бағдарламасы бойынша несиенің ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, жылына 0,01%-дық мөлшерлемемен 15 жылға дейін беріледі. Шындап келгенде бұл бөліп төлеу сияқты өте тиімді.

- Бағдарлама бойынша қай өңірдің кадрлары белсенділік танытып отыр? Жалпы, сіздің банк жүйесі қосымша міндетті алып жүруге дайын ба?

-Бұл бағдарлама неге өзекті екенін ел түсіне бастады. Былтыр бағдарламаға  қатысуға ниет білдіргендерден 12 мың өтінім қабылданса, жалпы жылына орта есеппен 5 мыңға дейін несие беріледі. Қаржыландыру жағынан Қызылорда, Алматы және Түркістан облыстары көш бастап тұр.
Қорыта айтқанда  “Отбасы банкі”  қызметкерлері клиеттеріне сапалы, жылдам қызмет көрсетуге дайын екендігін атап айтқым келеді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін443
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9419
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27498
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234884

Серіктестер