Онлайн газет



ҰЛТТЫҚ ИДЕЯМЫЗ – МӘҢГІЛІК ЕЛ! - дейді бірлескен ақпараттық-насихаттық топ мүшелері

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты кезекті Жолдауын аудан тұрғындарына насихаттау, түсіндіру мақсатында бірлескен облыстық және аудандық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері

өткен аптаның бейсенбі және жұма күндері кездесулер өткізген еді.
Осындай кездесу аптаның бейсенбісі күні Көктал ауылында ұйымдастырылды. Жиналысты аудандық “Ауыл жаңалығы” газеті редакциясы ЖШС-нің директоры- бас редакторы С.Қалмұратов ашып, жүргізді. Жиналысқа негізінен ауылдың мектеп мұғалімдері, пошта, кітапхана, коммуналдық мекемелер және ауылдық дәрігерлік емханасының қызметкерлері қатысты.
Тарихи құжатты насихаттау, жаңа Стратегияның негізгі басымдықтары кездесудің әңгіме арқауына айналды.
- Елбасының бұл жолғы Жолдауында маңызды мәселелер көптеп көтерілді. Жолдаудың әр бөлімінде нақты бағыттар мен айқын мақсаттар көрсетілген. Бұған дейін «Қазақстан-2050» Стратегиясы қабылданғаны мәлім. Онда әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу басты мақсат етіп қойылған. Ал, осы Жолдауда сол мақсатқа жетудің жолдары мен механизмдері, түрлі иірімдері мен тетіктері көрсетілген. Себебі, дамыған 30 елдің қатарына қосылу өте қиын әрі асқан жауапкершілікпен еңбек етуді талап ететін міндет -деп сөзін бастаған Сара Қабылбекқызы Жолдауда айтылған жеті бағыттың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың өміршеңдігін жан-жақты  тарқатып  айтып  берді. 
-Жолдауда Мемлекет басшысы “Мәңгілік Ел” идеясын көтерді. Онда “Мәңгілік Елдің” егемендігін тұғырлы ету мәселесіне назар аударды.Мемлекетіміздің болашағын дұрыс бағдарлап, қазіргі замандағы даму үрдістерінен қалып қоймай, әлемдегі өзіміздің лайықты орнымызды иеленуге тиіспіз. Идеологиялық жұмыстарды жетілдіріп, халқымызды “Мәңгілік Ел” идеясына жұмылдыруымыз қажет. Негізі, еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бергі басты мақсатымыз – Мәңгілік Ел құру болатын. Енді Үкімет пен Парламент палаталары, сондай-ақ, басқа да қоғамдық ұйымдардың бәрі осы Мәңгілік Ел идеясының қасынан табылып, кемел келешек жолына жұмылуы керек, -деп сөзін түйіндеді Сара Қабылбекқызы.
Индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен, білім-ғылым салаларына ерекше көңіл бөлу, сонымен қатар, Елбасы Жолдауында атап көрсетілген басқа мәселелерді жан-жақты талдауға, ашық әңгімеге шақырған С.Қалмұратов бүгінгі ауыл өмірінен нақты мысалдар келтіріп, жиналған жұртпен ой-пікір бөлісті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар қайтарылған соң, жиын қорытындыланып,  насихаттық топ мүшелеріне алғыс айтылды.
Осындай мақсатты көздеген ақпараттық-насихаттық топ мүшелері белгіленген кестеге сәйкес, ауданның басқа да бірқатар елді мекендерінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізді.

 

Обновлено 26.02.2014 11:22
 

Халыққа жолдау

 

 

 

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1963
mod_vvisit_counterКеше1953
mod_vvisit_counterОсы аптада1963
mod_vvisit_counterӨткен аптада23281
mod_vvisit_counterОсы айда36246
mod_vvisit_counterӨткен айда110461
mod_vvisit_counterБәрі4196727

Серіктестер