Онлайн газет



БАРШАМЫЗҒА ОРТАҚ ІС

Сыбайлас жемқорлық- заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей  біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы күрес іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. «Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние – байлық неге керек, денсаулығың болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл  еңбек етіп жүрген қызметкерлердің  бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Түймекент ауылдық округі әкімі аппаратында  әкімдік адалдық алаңының жұмысының жариялылығы талап етілуде. Округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және алдын алу іс-шаралары атқарылуда.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күрес – баршамызға ортақ іс.

Қанат  Смағұлов,
Түймекент ауылдық округінің әкімі.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін256
mod_vvisit_counterКеше1783
mod_vvisit_counterОсы аптада3782
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда21861
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2229247

Серіктестер