Онлайн газет



Байзақтықтар әскери оқу жиынында

Үстіміздегі жылғы 16 ақпанда қабылданған  «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының жаңа талаптарына сәйкес, Қарулы Күштерге,

басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға жасақтау үшін тағайындалған әскери міндеттілер бес жылда бір рет оқу-жаттығу, тексеру және арнайы жиындарға шақырыла бастағаны белгілі.
Осыған сәйкес, Байзақ аудандық  қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының үстіміздегі жылғы 27 шілдедегі №60  бұйрығымен өткен айдың соңында қатардағы жауынгерлер мен сержанттардан тұратын 66 әскери міндеттілер  Қордай ауданының Гвардейск қалашығындағы «Мәтібұлақ» полигоны аумағындағы әскери бөлімдердің бірінде әскери оқу-жиынында қайта даярлаудан өту үшін жіберілген болатын. 
Аталмыш «Мәтібұлақ» полигонында өздерінің бұрынғы игерген әскери мамандықтары бойынша білімін  жетілдіріп, әскери техникалар мен қару-жарақтардың жаңа үлгілерімен танысып, машықтанып жатқан байзақтық қордағы әскери міндеттілер  физикалық дайындықтарын  да шыңдауда. Осы оқу жиынына қатысуы тиіс 61 қордағы әскери міндеттілердің орнына аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі 66 қордағы әскери міндеттілерді тартып, белгіленген межеден жоғары көрсеткішке қол жеткізіп отыр.
Оқу-жаттығу айлығының қорытындысы бойынша ауданымыздан барған қордағы әскери міндеттілер жоғары көрсеткіштерге жетіп отыр. Олардың қатарында, атап айтқанда,  Көптерек ауылдық округінен старшина Әділ Бестерекбаев, Н.Ақшабаев орта мектебінен ефрейтор Айдар Байғараев, Үлгілі және Н.Киікбаев орта мектептерінен кіші сержанттар Асылбек Молдатаев пен Шоқан Мекебаев, ботамойнақтық қатардағы жауынгер Берік Оразбеков,  жалғызтөбелік Нұржан Жаменкеев, қостөбелік Тимур Бекежанов және тағы басқаларын атауға болады. Байзақтықтар спорт жарыстарына да белсене қатысып, аудандық қорғаныс істері бөлімдері арасында екінші орынды иеленді. Ал, ефрейтор А. Байғараев тоғыз жүзге жуық әскери міндеттілер арасында армрестлингтен бірінші орынды иеленді.  
Әскери  оқу-жаттығуларға өз аймақтарындағы әскери міндеттілердің  қатысуын ұйымдастыруға барлық 17 ауылдық округтердің әкімдік қызметкерлері атсалысты. Олардың ішінен,  әсіресе, Сарыкемер ауылдық округінің әкімі Январбек Мұсаев пен әскери есеп маманы Олжас Әділханұлы, Ботамойнақ ауылдық округінің әкімі Мұхтар Қилыбаев пен әскери есеп маманы Толқынай Байділдаевалар  аса белсенділік танытты.
Сондай-ақ, Көктал, Бурыл, Түймекент ауылдық округтерінің әкімдері Сайлау Өтешбаев, Ерік Әліқұлов, Дулат Сұлтанбеков және ондағы әскери-есеп үстелінің мамандары Раушан Шажырова, Медет Ақжігітов, Любовь Черкашина өздеріне жүктелген міндетті тындырымды атқарып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту шараларына  лайықты үлес қосты. Cоның нәтижесінде Байзақ ауданының өкілдері әскери-жаттығу жиындарында ширақтық танытып, жақсы қырынан көзге түсуде.

 

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Обновлено 20.08.2012 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін130
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8644
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38247
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245633

Серіктестер