Онлайн газет



ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫ ҚАЛТАРЫСТА ҚАЛМАЙДЫ

Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулері жалғасуда. Міне сондай кездесулердің бірі  алдын бекітілген кестеге сәйкес Қызыл жұлдыз ауылында өтті. Ауыл клубында аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ауыл тұрғындарымен кездесіп, өткен жылы ауданда атқарылған жұмыстар туралы баяндап, биылғы жылы істелетін жұмыстарға тоқталды.
Кездесуде алдымен ауылдық округ әкімі Дәуренбек Мадешов ауылдағы жыл ішінде атқарылған жұмыстарды слайдта көрсете отырып, баяндады.
-Ауылымыздағы 954 аулада 6307 халық тұрады. Былтырғы жылы салық түсімдерінің жоспары 101,7,  жер салығы 105, мүлік салығы 100, көлік салығы 101,8 пайызға орындалды. Мал басы алдағы жылмен салыстырғанда төрт түліктенде өсті. Округтегі «С. Оңғарбаева» ШҚ лизингпен 17 млн. теңгеге 1 трактор, шөп баулағыш техникасын сатып алды.
Ауылдағы тіркелген 52 кәсіпкер, 9 шаруа қожалығының барлығы да жұмыс істеп тұр. Оларда 218 адам жұмысқа тартылған. Жеке кәсіпкерлер демалыс орталығы, кондитерлік цех, көлік жуу орны, жемхана ашып, ауылға 90 млн. теңге инвестиция тартылды.
Ауылдағы 6 азамат 7 351200 теңге қайтарымсыз грант алып, өз жұмыстарын жүргізуде. Жастар практикасына 2, ақылы қоғамдық жұмысқа 40 азамат тартылса, 41 адам жұмысқа орналасты,-деді округ әкімі Дәуренбек Сейтқадырұлы.
Ал аудан әкімі Б. Қазанбасов жыл ішіндегі аудан көлемінде атқарылған жұмыстарды қысқаша айтып өтіп, алдағы атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті. Бір сөзбен айтқанда 2022 жылы ауданда барлық салалар бойынша жақсы нәтижелерге қол жетті. Мал шаруашылығында да, егін шаруашылығында да алдағы жылдармен салыстырғанда көптеген ілгерілеушілік бар.
Бақыт Алпысбайұлы өз сөзінде Қызыл жұлдыз ауылындағы  атқарылған жұмыстар мен биылғы жылы істелетін жұмыстарға басымдық берді.
-Ауданымызда тазалықтың 2 айлығы жарияланғалы бір айға жуық уақыт өтті. Алайда ауылдағы көшелер түгелдей тазаланбаған. Көше бойындағы құрылыс материалдары алынбаған. Көшені, орталық саябақты тазалап, ретке келтіру керек. Ағаш отырғызып, көріктендіру – көгеріштендіруде назардан тыс қалмауы тиіс.
Ауылдың көше жарығына 36 млн. теңге сұралса, оның 15 млн. теңгесі берілді. Қалғаны алдағы уақытта беріледі. Үш көшені жөндеуге 125 млн. теңге облыстан сұралып отыр. Бұл да шешімін тауып қалар. «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасында айтылғандай ауыл жолдары 2025 жылға дейін түгелдей жөнделетін болады,-деді аудан әкімі Б.Қазанбасов.
Кездесуде ауыл тұрғындары Шария Әбдіраманова мен Сара Қырқынбаева сөз алып, ауылдағы өткен жылы атқарылған жұмыстарға ризашылықтарын білдірді. Былтыр ауылға ауыз су жүйесі тартылып, тәулік бойы су беріп тұрғанын қуанышпен жеткізді. Алайда сол үйге кіргізілген судың ақы есептегіш құрылғысын «люкте» емес, үйге кіргізіп беруін сұранды. Люк іші кейде суға толып, есептегіш құрылғы шіріп, істен шығады деген қауіпті жасырмады.
Сондай-ақ мемлекет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз гранттарды жағдайы жоқ, жұмыссыз жастар алса деген сұраныс жасады. Ауылда кейінгі кездері жарықтың қуаты төмендеп, өшуі жиілеп кеткенінде көтерді.
Тұрғындардың қойған сұрақтары мен ұсыныстарына аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы бірден жауап беріп, кейбір мәселелерді тез арада шешу үшін тиісті мекеме басшыларына сол жерде нақты тапсырма берді.
*   *   *
Сол күні түс қайта аудан әкімі Бақыт Қазанбасов Үлгілі ауылындағы орталық клубта халықпен кездесуін жалғастырды. Мұнда да аудан  басшысы  халықтың қойған сұрақтары мен ұсыныстарына жауап берді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
Қызыл жұлдыз, Үлгілі ауылдары.

Обновлено 24.03.2023 20:16
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін508
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6525
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32092
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202822

Серіктестер