Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін мызғымас негіздерінің бірі. Сондықтан, рәміздерді қастерлеу – баршаның ортақ парызы.
Осы мақсатта, ағымдағы жылдың 9-17 наурызы аралығында Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Қордай және Шу аудандарында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының бас маманы Шынар Қашқынбек мемлекеттік ұйымдар мен құқық қорғау органдарында бірінші басшыларының дербес жауапкершілігін арттыру, ҚР Мемлекеттік рәміздерін дұрыс пайдалану және қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік көмек көрсетті.
Түсіндіру жұмыстары барысында «ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы» Заңы, «ҚР Қылмыстық кодексінің» 372-бабына енгізілген өзгерістер, сондай-ақ, латын графикасындағы Елтаңбаға көшу жұмыстары туралы түсіндіріліп, тыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Аталған бағыттағы жұмыстармен облыс бойынша 150-ден астам мекеме қамтылды.
Түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жалғасын табатын болады.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін752
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада5752
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35355
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2242741

Серіктестер