Онлайн газет



СОТТА ӨКІЛДІК ЕТУ ТӘРТІБІ

Қазіргі таңда, заманауи кезеңде сотқа жүгінуші әрбір адам өз ісінің сотпен сәтті, табысты қаралуын қалайды. Ол үшін сотқа жүгінушілер заңдарды жақсы біліп, сонымен қатар сот барысында өз ойын толық, жетік жеткізе білу қажет. Өйткені, көп жағдайда істің қаралу нәтижесі осыған байланысты болады.
Алайда, көп жағдайда сотқа жүгінушілер түрлі себеп-салдарға орай заң көмегіне, яғни осы азаматтың атынан сот ісін жүргізу құжаттарын толтырып, оның атынан сотта сөйлеп, ойын білдіру үшін маманның көмегіне жүгініп жатады.Бұл процесс сотта істі өкілдер арқылы жүргізу деп аталады.
Заңға сәйкес азаматтар өз істерін сотта өздері жеке немесе өкілдер арқылы жүргізуге толық құқысы бар.
Жалпы, сотта өкілдік етудің өзіндік тәртібі болады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-бөлігіне сәйкес  әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Сондай-ақ, заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетіледі делінген.
Осыған сәйкес, сотта істі азаматтардың өздері немесе өкілдері жүргізетін қағидаттары Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік Кодексінің 57-бабының талаптарымен көзделген.
Аталған баптың талаптарына сәйкес, азаматтар өз істерін сотта жеке өздері немесе өкілдері арқылы жүргізуге құқылы. Алайда, азаматтың іске өзінің қатысуы оны бұл іс бойынша өкілінің болу құқығынан айырмайды.
Заңды тұлғалардың істерін сотта өздеріне заңмен, өзге де нормативтік құқықтық актілермен немесе құрылтай құжаттарымен берілген өкілеттіктер шегінде әрекет ететін олардың басшылары және (немесе) олардың өкілдері жүргізеді. Заңды тұлғаның басшысы сотқа өзінің қызмет бабын немесе өкілеттігін куәландыратын құжаттарды ұсынуы қажет.
Сенімхатқа, Қазақстан Республикасының заңнамасына, сот шешіміне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісті түрде ресімделген өкілеттіктері бар әрекетке қабілетті адам осы баптың үшінші бөлігіне сәйкес сотта өкіл бола алады.
Ал тапсырма бойынша өкілдік ету ҚР АПК-нің 58-бабына сәйкес жүзеге асырылып, сотта мына тұлғалар өкіл бола алады:
-адвокаттар;
-заңды тұлғалардың істері бойынша - осы заңды тұлғалардың жұмыскерлері, ал мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің істері бойынша - осы мемлекеттік органдардың жұмыскерлері;
-кәсіптік одақтардың -  құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік одақтар жүзеге асыратын жұмысшылардың, қызметшілердің, сондай-ақ, басқа да адамдардың істері бойынша уәкілетті өкілдері;
-заңмен, жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін, сондай-ақ, басқа да адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті өкілдері;
-басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі;
-“Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы” Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар;
-жоғары заң білімі бар басқа да тұлғалар тапсырма бойынша сотта өкіл бола алады.
Сотта өкілдік ететін өкілдің процестік өкілеттіктері тиісті түрде ресімделген сенімхат арқылы расталады.
Ал сотта өкіл бола алмайтын тұлғаларға тоқталатын болсақ, олар:
Судьялар, тергеушілер, прокурорлар және Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары, олардың процеске тиісті ұйымдардың өкілдері немесе заңды өкілдері ретінде қатысуынан басқа жағдайларда, сотта өкіл бола алмайды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының талаптарын бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокаттар, сондай-ақ, заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдар сотта тапсырма бойынша өкілдер бола алмайды.
Сондай-ақ, тапсырма бойынша өкіл бола алмайтын тұлғалар, олар:
-мүдделері өзі өкілі болып отырған тұлғаның мүдделеріне қайшы келетін тұлғаларға осы іс бойынша заң көмегін көрсетсе немесе бұрын көрсеткен болса;
-бұрын істі қараған және шешкен кезде судья, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, консультант, куә немесе куәгер ретінде қатысса;
- басқа тараппен немесе үшінші тұлғамен, судьямен, прокурормен, консультантпен, сот отырысының хатшысымен, іс бойынша қорытынды берген сарапшымен, маманмен, аудармашымен туыстық қатынастарда болса;
- психикалық денсаулық жағдайына не жасына байланысты және басқа да себептер бойынша өз бетінше өкілдікті жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаса, тапсырма бойынша өкіл бола алмайды.
Жалпы, сотта өкілдік етудің мақсаты - оны өкіл етуші тұлғаны сотта қорғау, заң көмегін көрсету, сот барысында сотқа қаралып жатқан іс бойынша дұрыс бағыт беру және дұрыс шешім қабылдауына жәрдем беру болып табылады.

Досжан Төленбеков,
аудандық соттың төрағасы.

Обновлено 24.03.2023 20:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін245
mod_vvisit_counterКеше1558
mod_vvisit_counterОсы аптада5896
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда1803
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2253472

Серіктестер