Онлайн газет



ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ

Гендер – ағылшын тілінен аударғанда жыныс «gender» (еркек, әйел) дегенді білдіреді.
Гендерлік саясат – қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет. «Гендерлік теңдік» деген ұғым әйелдердің мәртебесін көтеру болып табылады.
Бүгінгі таңда  азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін  жасау бағытында жұмыс жүргізілуде.  Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Мемлекет басшысы бекіткен «Гендерлік теңдік» стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталған. Гендер бұл- ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым-қатынасты айқындайтын, олардың әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы.
Мәселен, Президент жанындағы әйелдер мүддесін көздейтін, мемлекеттік органдар мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар арасын байланыстыратын Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия жылдар бойы жұмыс істеп келеді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған гендерлік саясатқа сәйкес, қазақстандық даму жағдайында еліміздегі әйелдер қауымына саяси және белсенді азаматтық ұстаным тұрғысынан барынша басымдық беріліп келеді. Жазушы Мұхтар Әуезов «Адамдық негізі-әйел» атты мақаласында адамзат қоғамының өркендеуіндегі әйелдің мол үлесін, жас ұрпақтың тәрбиелі болып өсуіне ең алдымен қоғамдағы әйелдің хал-жағдайын түзеп, оңалту арқылы елдің гүлденуіне қол жеткізуге болатынын атап көрсеткен еді.
Қазіргі кезде қазақ әйелі барлық салада  тек өзі үшін емес, ол отбасы бақыты, балаларының болашағы, Отанның тыныштығы үшін еңбектенуде.
Гендерлік теңдік адам құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқаратындығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Мемлекетіміздегі гендерлік саясаттың бекітілген негізгі бағыттары-билік құрылымдарында ерлер мен әйелдердің үйлесімді қатысуына қол жеткізу экономикалық тәуелсіз әйел үшін теңдей мүмкіндікті қамтамасыз ету, қызметте өсу мен өз бизнесінің дамуы, отбасындағы теңдей құқық болуына жағдай жасау, жынысына қарамастан зорлықтан азат болуды анықтап берді.
Гендерлік тендік әйелдердің әлеуметтік, экономикалық, мәдени, азаматтық және саяси мәртебесін белгілейді. Гендірлік саясаттың негізгі қағидаттары Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген әйелдер мен ерлердің тең құқығы мен еркіндігін айқындайды.

Баян БАЙГОНЫСОВА,
аудандық соттың бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін631
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада5631
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35234
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2242620

Серіктестер