Онлайн газет



ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ БАНКРОТТЫҒЫ ТУРАЛЫ

Мемлекет басшысы Қасым -Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 178-VII Заңға қол қойылды, қолданысқа 3 наурыз 2023 жылы енді.Республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және арыз берілген күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 1600 еселенген мөлшерінен асатын міндеттемелердің болуы және мынадай:
1) кредиторлар алдындағы міндеттемелер бойынша осындай арыз берілген күнге қатарынан он екі ай ішінде өтеудің болмауы;
2) борышкерге қатысты “Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы” және “Микроқаржылық қызмет туралы” Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша орындалмаған міндеттемелерді реттеу және (немесе) өндіріп алу жөніндегі рәсімдердің жүргізілуі шарттарына сәйкес келуі сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.
Осы тармақшада көрсетілген берешекті реттеуді және (немесе) өндіріп алуды жүргізу жөніндегі шараларды мерзімі өткен берешек туындаған кезден бастап он сегіз айдан аспайтын мерзімдерде жүргізу қажет;
3) арыз берілген күнге дейін жеті жыл бойы соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану фактісінің болмауы шарттарына сәйкес келуі сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арыз беруге негіз болып табылады.
Барлық міндеттеменің мөлшері (оның ішінде орындалу мерзімі басталмаған) өзіне тиесілі мүліктің құнынан аспайтын борышкер төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін қолдану туралы арызбен ғана сотқа жүгінуге құқылы.
Борышкердің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдеріндегі өкілеттіктері:
борышкер:
1) осы Заңның 5-бабында көзделген негіздер бойынша соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен уәкілетті органға жүгінуге;
2) Осы Заңның 6-бабында көзделген негіздер бойынша төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы арызбен сотқа жүгінуге;
3) осы Заңда көзделген тәртіп сақталған жағдайда өз мүлкін иеліктен шығару бойынша мәмілелер жасасуға;
4) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімінде өзі және өзінің асырауындағы отбасының еңбекке қабілетсіз мүшелері үшін республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс шамасы мөлшеріндегі ақшаны ай сайын өз иелігінде қалдыруға құқылы.
Борышкер ай сайын өз иелігінде қалдыратын ақша мөлшерін кредиторлар ұлғайта алады;
5) осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
Борышкер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану туралы арыз берілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, кредиторларды осындай арызбен жүгінгені туралы хабардар етуге;
2) егер соттан тыс банкроттық рәсімін жүргізу кезеңінде өзінің меншігіне мүлік түсіп немесе өзінің мүліктік жағдайы өзгеше түрде өзгеріп, мұның өзі оның кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін толық немесе отыз пайыздан асырып орындауына мүмкіндік беретін не кредитормен кредитордың алдындағы берешекті реттеу туралы келісім жасасқан жағдайда, уәкілетті органға “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы мұндай рәсімді тоқтату туралы жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) нысандағы арызбен жүгінуге;
3) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының жобасын әзірлеуге қатысуға;
4) уәкілетті органның, қаржы басқарушысының, сондай-ақ кредиторлардың жазбаша сұрау салуы негізінде, оны алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей, оларға өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі және міндеттемелері туралы анық ақпаратты беруге;
5) қаржы басқарушысына өзінің қаржылық жағдайы, мүлкі және міндеттемелері туралы ақпарат алуда жәрдем көрсетуге;
6) қаржы басқарушысының осы Заңда көрсетілген талаптарын орындауға және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына кедергі келтірмеуге;
7) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының іс-шараларын орындауға;
8) осы Заңның 32-бабының 1-тармағына сәйкес кредиторға (кредиторларға) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарының орындалу барысы туралы ақпарат беруге;
9) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарында көзделген мәмілелерді қоспағанда, өзіне жаңа ақшалай немесе мүліктік міндеттемелерді қабылдамауға;
10) оқиға басталған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде кредиторларды еңсерілмейтін күштің, яғни осы жағдайлар кезінде төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери қимылдар, төтенше жағдай және басқалар) салдарынан не үшінші тұлғалардың кінәсінен төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындаудың мүмкін болмағаны туралы хабардар етуге;
11) төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын орындау мерзімі аяқталғаннан кейін немесе ол мерзімінен бұрын орындалған кезде сотқа төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін аяқтау туралы өтінішхатпен жүгінуге;
12) соттың мынадай:
сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы; төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімін тоқтату және сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы шешімдерінің бірі заңды күшіне енген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мүліктік массаны қаржы басқарушысының басқаруына беруге;
13) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауға міндетті.
Сонымен қорытындылай келе, бірінші рәсім - соттан тысч банкроттық. Оны те қана банктер, микроқаржылық ұйымдар, коллекторлық агенттіктер алдында қарыздар бойынша қолдануға болады.
Екінші рәсім-сот банкроттығы және үшінші рәсімтөлем қабілеттілігін қалпына келтіру.

Айкерім Телесбаева,
аудандық соттың судьясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін374
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада7043
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда36646
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2244032

Серіктестер