Онлайн газет



ЕСІҢ БОЛСА ЕСІРТКІГЕ ЖОЛАМА

Салауатты өмір салтын ұстану, дене шынықтыру және спортпен айналысу бүгінгі күні ауданымызда бұқаралық сипатқа ие болып келе жатыр.
Қазіргі таңда ауданымызда дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 42253 адамға жетіп, жалпы халықтың 40,1 пайызын құрады. Осы спортты серік еткен аудан тұрғындарына аудан бойынша 282 спорттық нысан нақтыланып, бекітілген кестесімен қызмет жасайды. Тұрғындарға арналып, жасалынған спорттық нысандардағы жаттығу кестелерінің жаңартылған нұсқасы мемлекеттік және ресми тілдерде тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жарияланып тұрады.
Байзақ ауданы көлемінде орналасқан барлық спорт нысандары тиісті дәрежеде қолданылуда және барлық спорт нысандарына қолжетімділік кестесі ілініп, жұмыстары жүргізілуде. Спорт мектептерінің барлық спорт залдары мен алаңдары түрлі спорт түрлерінен жарыстар өткізуді қабылдап, жасөспірімдер мен балаларды спорт үйірмелеріне тарту арқылы спортқа баулуда. 
Жалпы аудан бойынша 2023 жылдың қорытындысымен барлығы 76 іс-шара өтсе, оған 4500-ге жуық адам қамтылды. Атап өтерлік елеулі іс-шара нашақорлыққа қарсы ұранымен қаңтар-наурыз айларының аралығында  Байзақ ауданы бойынша кіші футболдан әуесқойлар лигасының айналмалы чемпионаты және «Спорт-нашақорлыққа қарсы» атты мемлекеттік мекемелер, нұсқаушылар арасында кіші футбол, волейболдан жарыстар өткізілді. Аталған іс-шараларға барлығы 300-ге жуық адам қамтылды.
Бұл іс-шаралардың жартысына жуығы жүйелі түрде кезең-кезеңімен өтетін іс-шаралар болса қалғандары мерекелік және әр түрлі көпшілік спорттық ойындар. Бұл спорттық ойындардың барлығы ауданымызда бұқара халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау және балалар мен жасөспірімдердің адам денсаулығына жат нашақорлықпен есірткі  тұтынушылығының алдын алу шаралары.
Спорттық іс-шаралар  ауданымыздағы ауылдық округтердегі спорт нысандарында, жалпы білім беру мектептері мен спорт мектептерінің спорттық нысандарында өтті.

Ерсін Жұмәсіл,
аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін254
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8768
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38371
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245757

Серіктестер