Онлайн газет



ДҰРЫС ТАМАҚТАНУ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Адамның  ең   үлкен  байлығы-денсаулық. Денсаулықты, ағзаның  күшін  нығайтудың  басты кепілі – дұрыс тамақтану. Тамақтану – адам  ағзасы  үшін аса маңызды  қажеттілік. Ал дұрыс тамақтану – денсаулық  кепілі. Сондықтан «Ас- адамның арқауы» деп халық тегін айтпаған.
Қарасу  орта  мектебінің  әлеуметтік  педагогі өзімнің ұйымдастыруыммен  «Дұрыс  тамақтану - денсаулық  кепілі» атты  іс-шара  өтті.
Шараның басты мақсаты- оқушыларды тамақтану  мәдениетімен  таныстырып, дұрыс  тамақтана  білуге,  салауатты өмір салтын  ұстануға, сондай-ақ, жемістерді пайдаланудың  пайдасы зор екенін түсіндіру арқылы денсаулықты күтудің маңызын түсіндіру.
Айтулы шараға қатысқан 6-7-8-сынып оқушылары «Алма», «Мандарин», «Киви» атты үш топқа бөлініп, алдымен жеміс-жидектердің денсаулыққа пайдалы және зиянды жақтарын жан-жақты айтып өтті. Бұдан соң интеракты тақтаға жазылған  тағамдардың  пайдалы және  зиянды  жақтары  туралы  сұрақтарға тыңғылықты жауап берді. Мұнан кейін топ мүшелері себеттің (ішіне салынған жеміс-жидектер)  сыртына жазылған  сұрақтың жауабын дұрыс тапқандар сол жеміске ие болды. Әр  топтың  жинаған  баллдары қолшатыр  әдісімен  бағаланды. Қолшатырға  түрлі-түсті қағаз  стакандар  ілініп,  соның  ішіне  5 және 10-дық баллдар салынып  отырды. Бұдан бөлек   топтар  жеміс- жидектерден  пайдалы  тағамдар  әзірлеп, жиналғандарға ұсынды.
Сайыс - сабақ  түрінде  өткен шарада мектеп  медбикесі  Назым Мейірбек «Дұрыс тамақтану-денсаулыққа пайдалы» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашы  дұрыс  тамақтанудың өсіп келе жатқан  жасөспірімдердің азғасына пайдасы, тез дайындалатын зиянды тағамдар жөнінде кеңінен ақпарат берді. Оқушылар күн тәртібіндегі мәселеге қатысты  ойларын  ашық айтып, пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында 8-сынып оқушылары  бірінші, 6-сынып  оқушылары екінші, 7-сынып оқушылары үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздарға Мақтау грамотасы,  әлеуметтік  педагог  Батиха  Башарқызының демеушілігімен   сыйлықтар  табысталды.

 

*  *  *

ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАБЫСТАЛДЫ

Адамдар бір-біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайтындығы анық.
Аталған мектепте  өзімнің ұйытқы болуыммен  «Қайырымдылық  акциясы» ұйымдастырылды. Акция аясында жүрегі жұмсақ, қолы ашық жомарт жандар - Қарасу  орта  мектебі ұжымының демеушілігімен көпбалалы, аз қамтылған, жартылай жетім басқа да  санаттағы отбасы  балаларына, атап айтқанда, 18 оқушыға  қажетті оқу құралдары табыс  етілді.

Батиха Скакова,
әлеуметтік педагог.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1239
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6239
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35842
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243228

Серіктестер