Онлайн газет



ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Құрметті аудан тұрғындары!
Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы болып есептеледі. Өйткені Наурыз – әлемдегі ең көне мейрамдардың бірі, өйткені бұл мейрам, шамамен  5000 жыл бұрын пайда болған деседі. Наурыз - жер бетіндегі тіршілік атаулыны ұйқысынан оятып, жақсылық пен құт берекенің көзін ашып, наурыздың 21-і күн мен түннің теңесетін күні.
Наурыз – жаңару мерекесі. Қар еріп, көк шығып, табиғаттың оянатын кезі. Көктемнің лебі сезілетін уақыт. Бұның барлығы адамға ерекше әсер етеді. Жылдың басы саналатын мереке бәрімізге бір меже сияқты – өткенге есеп беріп, алдағы уақытқа жоспар құрып, үйді ретке келтіріп, көптен бері көрмеген жақындармен қауышып, құттықтап, кешірім сұрап, татуласатын кез.
Сондай-ақ, «Бір тал кессең, он тал ек» деген мақалды тіршіліктің қағидасына айналдырған халықпыз. Үлкеннен үлгі болып, ұрпаққа жалғасқан өнегелі өмірлік дағдыларымыздың бірі – ата мен баланың ағаш отырғызуы. Наурызда көрініс табатын осынау игі амалдың мәні үлкен.
Наурыз – көктемнің, жаңарудың, бейбітшілік пен жасампаздықтың мерекесі. Қазақ елінің тәуелсіздігімен бірге қайта жаңғырып, халықаралық мәртебеге ие болған бұл мейрам бүгінде елдің бірлігіне, татулығына, тұрақтылығына қызмет етіп келеді. Сондықтан Наурыз мейрамы әр қазақстандық үшін қымбат. Ол біз үшін ізгілік, достық пен төзімділікті бейнелейді. Түрлі ұлт өкілдері оны мейірімді, жарқын және ең бастысы біздің ортақ мереке ретінде атап өтеді. Дәл осы Наурыз мейрамы Қазақстан жерінде өмір сүріп жатқан көптеген этностардың ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерін сақтау мен дамытуда үлкен рөл атқарып келеді.

Құрметті байзақтықтар!
Баршаңызды елдік пен бірліктің, еңбек пен ырыстың, татулықтың жарқын мерекесі- Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздерді  мерейлі мейраммен құттықтай отырып, мықты денсаулық, әр отбасыға амандық, ырыс пен ынтымақ тілеймін!
Ұлыстың Ұлы күні елдің ырысы мен ынтымағы нығайып, әр отбасының береке-бірлігі артып, ақ мол болып, жыл жемісті болсын. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы - Наурыз мейрамы туған жеріміздің топырағына құт-береке әкелсін!
Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын!

Досжан Төленбеков,
аудандық соттың төрағасы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін6
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада8982
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27061
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234447

Серіктестер