Онлайн газет



ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ НАУРЫЗ!

Көктем келіп, жер көгеріп, айнала нұрланып, құстар жылы жақтан оралғанда, мұз құрсауындағы өзен-көлдер еріген тұста түркі халықтарының ежелден тойлап келе жатқан Наурыз мерекесі дүркіреп тойланады.
Наурыз – табиғаттың қайта түлеп, тіршілік атаулының жаңаратын кезі. Көктемнің алғашқы жаймашуақ айында күн мен түн теңелетін осы Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесін баршамыз асыға күтетініміз анық. Себебі мұсылман елінің Жаңа жылы саналатын мерекеде ұлттық мәдениетіміз қайта түлейді.
Сан ғасырлық тарихы бар Наурыз мерекесінің алдында халқымыз Көрісу күнін яғни Амал мерекесін тойлайды. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді. Қонақжай қазақ халқына ортақ ежелден келе жатқан бұл мейрамда жасы кішілер жасы үлкен әулет мүшелеріне амандық-саулық тілеп, үй-үйді аралайды. Кішкене балалар әр үйден кәде-сый алады. Жыл басында бірін-бірі көріп үлгермеген алыстағы туыс-туған жыл ортасына дейін кездесіп, көрісе береді. Бұл – ұрпақты татулық пен бауырмалдыққа тәрбиелеу, ізеттілік пен мейірімге баулу үрдісін айқындайды.
Халық танымы бойынша Наурыз мерекесінде үйге жыл бойы молшылық пен сәттілік келеді деген сенім бар. Бұл күні ағаштар отырғызылып, қазанға ет асылып, 7 дәннен әзірленетін наурыз көже дайындалып, халқымыз ұлан-асыр той етіп өткізеді.
Өзіміздің ауданымызда да жыл сайын Ұлыстың ұлы күнінде орталық саябақта киіз үйлер тігіліп, ұлттық ойындар ойнатылып, концерттік бағдарламалар тарту етіледі. Айтулы мерекеде салт-дәстүріміз, ұлттық ойындарымыз  бен құндылықтарымыз әспеттеліп жатқандығын көргенде бойыңды қуаныш кернейді.Сонымен қатар аудан аумағындағы 5 этнос орталықтары да салт-дәстүрлерін көпшілік назарына ұсынып, қазақ жеріндегі татулық пен қоғамдық келісімді  паш етеді. Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы елімізді мекендеген бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Ұлыстың ұлы күнімен баршаңызды құттықтаймын! Әр үйде құт-береке, шаңырақтарыңызда тек мереке болсын деп тілеймін.

Назира Боранбаева,
ауданның статистика басқармасының бас маманы.

 

 


В очередной раз страна готовится отметить  замечательный и светлый праздник – Наурыз. 65 лет пришлось ждать казахскому народу, чтобы его официально признали, и  он стал государственным и выходным днем. Наурыз для казахов издревле считался началом перемен, обновления. К нему готовились особенно тщательно.  В наши дни Наурыз  стал общенародным праздником. Мы отмечаем его вместе одной большой и дружной семьей, и  по-прежнему ждем его с верой и надеждой на будущее.
Перед началом праздничных дней  как обычно все  приводят свои дома и территории в порядок, сажают деревья, стараются расплатиться с долгами, простить обиды и помириться. По старой традиции люди надевают праздничную одежду, ходят в гости, поздравляют друг друга и желают благополучия в наступающем году.
21 марта  мы  всей семьей выйдем на площадь, чтобы со всеми жителями села отметить Наурыз мейрамы. Для меня этот праздник, как и для всех казахстанцев, ассоциируется с началом Нового года, которое совпадает с днем  весеннего равноденствия, новых ожиданий. В это время  природа как будто пробуждается ото сна, хочется сделать что-то доброе, светлое, чтобы жизнь вокруг стала лучше.
Считается, что щедрое празднование Наурыза принесет в дом достаток и успех на целый год. Эти убеждения объясняют множество праздничных ритуалов и обычаев. Столы в эти дни должны ломиться от изобилия. Главным ритуальным блюдом этого праздника, как и у всех восточных народов, является наурыз коже, которое состоит из 7 ингредиентов: вода, мясо, соль, жир, мука, злаки (рис, кукуруза или пшеница) и молоко. Вместе они символизируют радость, удачу, мудрость, здоровье, благосостояние, скорость, рост и божественную защиту. Это традиционное блюдо должно готовиться в каждом доме. Есть такое поверье, что его надо отведать в семи домах, тогда год обязательно будет удачным и счастливым.
В этом году, как и прежде, Наурыз встретим весело, пройдут массовые гуляния,  различные игры, лошадиные скачки и другие национальные виды спорта — казакша курес, тогуз кумалак, кыз-Куу. Также состоятся  айтысы - словесное состязание акынов, концерты и т.д. По доброй традиции в выходные  дни будем ходить  друг к другу в гости, поздравлять родных, близких и знакомых. Одним словом, несколько дней с утра и до вечера  нас будут окружать доброжелательные лица, слышны веселье, смех,  звучать поздравления.
Наурыз является символом обновления, очищения, любви  и красоты, он наполнен глубоким смыслом и призван воспитывать у подрастающего поколения милосердие, доброту, почтение и уважение к старшим. Он поистине является всенародным праздником единства, мира, счастья  и надежд на лучшее.
Праздник весны одинаково дорог всем народам, живущим в многонациональном Казахстане. Каждый из нас искренне верит,  что независимо от национальной принадлежности и вероисповедания, он принесет в нашу жизнь хорошие изменения. Хочу пожелать, чтобы в каждой семье было уважение, взаимопонимание, достаток и благоденствие. Поздравляю всех с праздником!

Дмитрий КИМ,
житель села Сарыкемер.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін648
mod_vvisit_counterКеше1537
mod_vvisit_counterОсы аптада2185
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда31788
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2239174

Серіктестер