Онлайн газет



ЖАҢА МЕШІТ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Өткен аптаның жұмасында Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Қосақ ауылында жаңа мешіт пайдалануға берілді.
Құлшылық үйінің ашылу салтанатына  қатысқан Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев алдымен құран оқыған соң, жаңадан бой көтерген мешіттің халқымызды имандылыққа тәрбиелеуде алар орны ерекше екенін атап өтті. Қазіргі таңда Тараз қаласында 34 мешіт болса, Байзақ ауданында 34 ғибадат  үйінің  іске қосылғандығын, жаңа мешітке Айбек Каримбаев имам болып тағайындалғандығын айтып, Құран-Кәрімді табыстады.  Бұдан соң аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов имандылық ордасы тұрғындарды бірлікке, өсіп келе жатқан жастарды отанды сүюге, имандылық пен жақсылыққа тәрбиелейтіндігіне тоқталып, жиналғандарды  қуанышымен құттықтады. Еңбек ардагері  Өмірбек Рахимов  мешітті салу үшін ауыл тұрғындары, жекелеген азаматтар үлестерін қосқандығын айтып, баршасына алғысын білдірді. Бәйтерек ауылдық округінің әкімі Қуаныш Жұманов игілікті іске ұйытқы болып, асқан белсенділік танытқаны үшін Қуандық Үсіпалиевке Алғыс хат табыстады. “Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава Келісім шарты тобы” Ардагерлері” республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының төрағасы Сабыралы Қыдыралиев қоғамдық бірлестік атынан мешітке  кілем табыстады.


Мешіттің ашылу лентасы қиылған соң, әжелер шашу шашты. Көпшілік жаңа мешітке кіріп,  алғашқы жұма намазын оқыды.
Ауыл көркін ашқан  ғибадат ордасының ашылу салтанатына жиылған көпшілікке ас беріліп, құран оқылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 24.03.2023 09:22
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін730
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада8008
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда26087
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2233473

Серіктестер