Онлайн газет



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ МЕН МӘСЛИХАТТАР ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫНДА САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ ДАУЫС БЕРУ ТӘРТІБІ

Сайлау учаскесінде осы учаскедегі тізімге енгізілген сайлаушылар, сондай-ақ есептен шығару куәліктерін ұсынған адамдар дауыс бере алады.
17 облыстың сайлау учаскелеріндегі әрбір сайлаушы
5 сайлау бюллетенін алады:
Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау бойынша, мәслихаттардың бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау бойынша,
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарын сайлау бойынша;
- облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау бойынша;
- облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар мәслихаттарының бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарын сайлау бойынша.
Тиісінше Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы сайлаушылар 4 сайлау бюллетенін алады. Басқа өңірлерден, оның ішінде есептен шығару куәліктерімен келген, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде дауыс беретін азаматтар тиісті округ шегінде ғана дауыс береді.
Әр сайлаушы жеке дауыс береді.
Сайлау бюллетеньдерін сайлау комиссиясының мүшесі жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде береді.
Азаматтар жасырын дауыс беру кабинасында сайлау бюллетеньдерін толтырады, онда олар кандидаттың немесе ол дауыс беретін саяси партияның оң жағындағы бос шаршыға немесе «Бәріне қарсымын» жолындағы шаршыға белгі қояды.
Бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ сайлаушы өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылы және оның тегі сайлаушылар тізімінде сайлаушының бюллетеньді алғандығы туралы қолының тұсына енгізіледі.
Мыналар:
1) сайлау комиссиясының мүшесі;
2) жергілікті өкілді немесе атқарушы органның лауазымды адамы;
3) кандидаттың сенім білдірген адамы;
4) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі;
5) тиісті сайлау комиссиясында тіркелген байқаушы ондай адам бола алмайды.
Толтырылған бюллетеньдерді сайлаушы дауыс беруге арналған жәшікке салады.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1092
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4393
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда33996
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241382

Серіктестер