Онлайн газет



СЕНБІЛІК - ТАЗАЛЫҚ ЖАРШЫСЫ

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті. Апта сайын ұйымдастырылып жатқан сенбілік жұмыстарына байзақтықтар белсене қатысуда.
«Қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығын өткізу туралы» Байзақ ауданы әкімдігімен биылғы жылдың 7 ақпанында №50 қаулысы шығарылған. Қаулыға сәйкес аудан аумағында қоғамдық орындарды абаттандыру және сыртқы безендіру екі айлығы осы жылдың 1 наурызынан 30 сәуіріне дейінгі аралықты қамтиды. Құрамында 11 адамнан тұратын штаб құрылып, жұмыс жоспары бекітілді.
Осыған орай 4 наурызда аудан аумағында алғашқы сенбілік ұйымдастырылып,  оған 971 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 212 адам  тартылды. Сенбілік барысында  200 шаршы метр  аумақ тазаланып, 34 дана тал-дарақтар егілді. 343 дана тал бұтақтары кесіліп, реттелді. 11,5 шақырым каналдар мен арықтар тазаланып, 18,9 тонна қоқыс шығарылды. Наурыз айының 11 жұлдызында  аудан орталығы Сарыкемер ауылын өзге өңірлермен байланыстыратын автомобиль жолдарының бойына санитарлық тазалық шаралары жүргізілді. “Сарыкемер – Тараз”, “Сарыкемер – Байзақ” және “Сарыкемер – Диқан” бағытындағы автомобиль жолдары бойына  жүргізілген жұмыстарға бірқатар бөлімдер мен мекеме қызметкерлері белсене атсалысты.
Өткен аптаның сенбісінде өткен тазалық жұмыстарына 2786 адам қатысып, ақылы қоғамдық жұмыстардан 497 адам тартылды. 784 шаршы метр елді мекен абаттандырылып, 379 дана тал дарақтар отырғызылды. 1283  дана ағаштардың  бұталары реттелді. 11 қоғамдық ғимараттардың бас келбеттері, тұрғын үйлердің сырт пішіні мен қоршауы ретке келтірілді. 33,3 шақырым каналдар және арықтар, 11130 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумақтары, 10 ескерткіштердің айналасы тазаланды. 29 кездейсоқ қоқыс  орындарды  жойылып, 67,7 шақырым көше, аулалар тазаланды.
Айтулы шараға  бөлім, мекеме, ұйым қызметкерлері біркісідей қатысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтар мен көшелердегі қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.
«Тазалық – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Тазалық бар жерде – ырыс, береке болары сөзсіз. Жинақылық – адамның көңілін көтеріп, жұмыс істеуге деген құлшынысын арттырып, өмірдің мәнін түсінуге жетелейді. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру – әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлықты қажет етеді. Сондықтан, өңіріміздің көркейіп, гүлденуіне әрбір тұрғын бейжай қарамай, қоқыс-қалдықтарды кез келген жерге тастамай, таза ұстауға атсалысуы қажет. Өйткені, ортақ үйіміздің көркеюі өз ауламызды,  ауылымызды таза ұстаудан басталатыны белгілі.
Алдағы уақытта да тазалықты сақтау мақсатында жұмыстар жүйелі жоспарға сәйкес жалғасатын болады.

Маулен КЕҢЕСБЕКОВ,
аудан әкімдігі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы.

Обновлено 14.03.2023 09:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін10
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада8986
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27065
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234451

Серіктестер