Онлайн газет



АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАР ҚҰРМЕТ ҚҰШАҒЫНДА

Халықаралық әйелдер күніне орай аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Сахнаға алдымен аудан әкімі Бақыт Қазанбасов көтеріліп, ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге өзінің жылы лебізін білдірді.
- Бүгінгі мерекемен барлық аналарымызды, аяулы әпке-қарындастарымызды, қыздарымызды құттықтаймын! Әйел бар жерде ырыс бар, береке бар. Әлемге шуағы мен нұрын шашатын, өмірімізге нәр беретін әйелдер қауымына тек бақыт, сәттілік пен толағай табыстар тілеймін. Жанарларыңыздан әрдайым нұр шашып, жүздеріңіз күндей күлімдеп, көңілдеріңіз көктемдей көрікті болсын,-деді аудан басшысы Бақыт Алпысбайұлы.
Құттықтау сөзден соң салтанатты жиын марапаттау рәсіміне ұласты. Онда көпбалалы аналарға «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқалары табыс етілсе, ауданның экономикалық дамуына үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүрген бір топ қыз-келіншектер облыс, аудан әкімдерінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарына ие болды.
Жиын соңы әл-Фараби атындағы мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасып, залға жиналған барлық нәзік жандылардың иықтарына орамал жабылып, құрмет көрсетілді. 

*   *   *
Бұл күні аудан әкімі Бақыт Қазанбасов, аппарат басшысы Еркін Заурбековпен бірге Қызыл жұлдыз ауылында тұратын 103 жастағы Бақтыбаева Шамшакүл әжейдің отбасына барып, мерекемен құттықтады.
Аудан басшысы ғасыр жасаған кейуананың хал-жағдайын сұрап, иығына ақ жаулық жауып, сый-сияпатын табыстады.
Өнегелі әулеттің отын маздатқан шамшырағы болған Шамшакүл әже бейнетпен өткен ғұмырының зейнетіне бөленіп, ұрпақтарының алдында бақытты өмір кешіп келеді.
Тылда тер төгіп, туған жерінде еңбек еткен аяулы ана, ардақты әже өмірге әкелген 6 перзентінен 37 немере, 21 шөбере мен 14 шөпшек сүйіп отыр.
Арнайы құттықтай келген азаматтарға ризашылығын білдірген  абыз ана елдің амандығын тілеп, ақ батасын берді.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 10.03.2023 12:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін455
mod_vvisit_counterКеше1669
mod_vvisit_counterОсы аптада7124
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда36727
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2244113

Серіктестер