Онлайн газет


Ауыл жаңалығы газеті, Powered by Joomla!
АНАЛАР АРДАҚТАЛҒАН КҮН

Әйелдер - әлемге нәр беріп, жаңа өмір сыйлайтын нәзік жандар. Өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуағын шашатын аяулы жандарға құрмет көрсету – парыз.
Халықаралық әйелдер  күні қарсаңында жылдағы дәстүр бойынша аудан әкімі Бақыт Қазанбасов ауданның өсіп-өркендеуіне атсалысып жүрген бір топ ақ жаулықты аналарды қабылдап, мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Жиын барысында Бақыт Алпысбайұлы нәзікжандылардың қоғамдағы рөліне тоқталды.
- Әйелдер қауымы-тек отбасының берекесі мен ұйытқысы ғана емес, сондай-ақ  сан түрлі мәселелерге де белсене араласатын қоғам мүшесі. Мемлекетіміздің әлеуметтік, экономикалық дамуына тынбай еңбектеніп жүрген аяулы жандардың үлесі зор екенін айта кеткен жөн.
Қазіргі таңда әйелдер қауымы өздерінің табиғи болмысына сай отбасына адал, қоғамның барлық саласында қызмет атқара алатын білімді, білікті, іскерлігімен өздерін жан-жақты танытуда. Сонымен қатар қазақ әйелі қай салада болмасын өздерінің қабілеті мен қарымына қарай көшбасшы бола алатынын да дәлелдеп келеді.
Елімізде ана мен баланы қорғау, көпбалалы аналарға қолдау көрсету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасыларыңыз бен өздеріңізге амандық, дендеріңізге саулық, ұзақ әрі шаттыққа толы ғұмыр, шаңырақтарыңызға құт-береке тілеймін. Әрдайым әдемі де көрікті, сүйкімді де сүйікті болып жүре беріңіздер, - деді аудан басшысы.
Қабылдауға қатысқандар атынан сөз алған ардақты ана, Байзақ, Мойынқұм аудандарының Құрметті азаматы Нілзия Рақышева мереке қарсаңында құрмет көрсеткендігі үшін аудан әкіміне алғысын айтып, ел игілігі жолындағы жұмысына табыс тіледі.
Жиын соңында  аудан басшысы аналарға сыйлықтар мен гүл шоқтарын табыс етіп, естелікке суретке түсті.

Арайлым НАРБАТЫРОВА.

Обновлено 07.03.2023 10:31
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін880
mod_vvisit_counterКеше993
mod_vvisit_counterОсы аптада1873
mod_vvisit_counterӨткен аптада6429
mod_vvisit_counterОсы айда30256
mod_vvisit_counterӨткен айда38520
mod_vvisit_counterБәрі1884114

Серіктестер