Онлайн газет



«СЕНІМ МАРШРУТЫ» - ІС ЖҮЗІНДЕ

Өткен жылдың 21 сәуірінде халықпен кері байланыс орнату, халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін жоғарылату, азаматтардың арыз-шағымдарын  және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, облыс прокуратурасының бастамасымен қолға алынған «Сенім маршруты» іс-шарасы өткен аптаның соңында ауданымызда
жалғасын тапты.
Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіровтің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыстық басқарма басшылары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Актив жиынында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Болат Сағынбеков ел аумағындағы түйінді мәселелер: ұлтаралық келісімді нығайту, бос жатқан жерлерді  мемлекет меншігіне қайтару, жайылымдық жерлерді тиімді пайдалану мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Баяндамашы көпэтносты Қостөбе, Бурыл, Қызыл жұлдыз ауылдық округтерінде ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайту мақсатында, қолға алынған іс-шараларды атап өткен соң, екінші түйінді мәселе- бос жатқан жерлерді, соның ішінде, жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтаруға қатысты тындырылған тірліктерді егжей-тегжейлі баяндады.
Мұнан соң аудан прокуроры Жандарбек Сұлтанбекұлы «Жүйелі және өзекті проблемалық мәселелерді шешу бойынша атқарылған жұмыстар» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз сөзінде аудандық прокуратура қызметкерлері тарапынан жүргізілген тексеру жұмыстарының нәтижесінде аудан әкімдігі жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия жұмысында орын алған кемшіліктерге, сондай-ақ, білім саласындағы құқық бұзушылыққа қатысты атқарылған жұмыстарға тоқталды. Аудандық полиция бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Дархан Нұралиев қылмыстың алдын алу, азаматтардың құқығын қорғау, учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыстары жөнінде баяндап берді.


Кездесу барысында Нұрғалым Мәжитұлы қайтарымсыз грантқа қатысты арыз-шағымдар мен қайталама арыз-шағымдарды жүйелі қарау, жүйелі құқық бұзушылықтарды жоюға бағытталған жұмыстарды күшейту, мемлекет меншігіне қайтарылған жерді тиімді пайдалану, кәсіпкерлерді қолдау жайына екпін сала отырып, заң бәрінен биік тұратындығын жеткізді. Қайтарымсыз несиеге қатысты аудан әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұржан Тлепов, білім саласындағы құқық бұзушылыққа орай Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Байзақ аудандық  білім бөлімінің басшысы Нұрболат Мамырбаев түсініктеме берді.
Кездесуден соң құзырлы мекемелердің өкілдері тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Қабылдауға келген зейнеткер-ұстаз Шырын Қапарова жуырда пайдалануға берілген емханаға баратын жол бойынан аялдама салып, қоғамдық көлік жүргізу, Сарыкемер ауылының тұрғыны Шамша Джумабаева 2006 жылдан бері тұрғын үй  кезегінде тұрғандығын айтып, тұрғын үй салу үшін жер телімі қашан берілетінін сұраса, ауыл тұрғыны Света Жылкайдарова  «Саяхат» көшесіне шағал тас немесе асфальт төсеу жөнінде өтінішін жеткізді.
Бұдан соң Нұрғалым Мәжитұлы Бурыл ауылдық округінің кіре берісінде орналасқан «Өтеміс», «Сеңкібай» каналдарының бойында шаруа қожалық жетекшілерімен  жүздесіп, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Облыс прокуроры көтерілген мәселелер өз бақылауына алынатынын, заңдылыққа сәйкес шешімін табатынын жеткізді.

Гүлшахар Әбдіқұлова.

Обновлено 07.03.2023 10:28
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін176
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9152
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27231
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234617

Серіктестер