Онлайн газет



АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНҒА АЛҒЫС

Әрбір адам өз өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық ықыласына зәру болатыны қалыпты нәрсе. Денсаулық – адам үшін баға жетпес байлық. Осы баға жетпес байлығыңды сақтап қалу үшін немесе өмір сүру үшін күресетіні де заңдылық.
Ауруыңа ем іздеп алдына барғанда, сөйлеуге де, сұрағыңа жауап беруге де ерініп отыратын ақ халаттылар да мына өмірде кездесіп қалады. Әлемде жалғыз дәрігер сияқты, шіренетіндері де рас емес пе?
Бір орында 40 жыл еңбек етіп, жақында зейнеткер атандым. Үздіксіз еңбек еткен алтын ұя, жылы ұя, мектебіммен ондағы әріптестеріммен қимай қоштасып, немерелерімнің «көзайымы» болып, тұрақты орнықтым. Содан жұмыссыз қалған адам сияқтанып, жұмыссыздығыма зорға көндіктім. Көндіге алмай жүрген кездерімде, түрлі аурулар маңайымнан кетпей, маған үйірсектей бастағандай болды. Жиі-жиі қан қысымым көтеріліп, дәрігерлерден кеңес алуыма тура келді.
Жанға дауа іздеп келген кезде, жақсы қарсы алатын адам жанының арашасы, аяулы жандардың жарқын жүздері, жылы сөздері керек екенін екінің бірі біледі қазір. Тек қана өзім болсам, толсам дейтін, ешкімге бір шөкім пайдасы жоқ безбүйрек жандар басым болып бара жатқан мына заманда, осындай мейірімді, алдыңнан «әпкелеп» шығатын  аяулы жандар бар екендігіне де шүкіршілік етесің. Осындай заманда, осындай жандардың адами тұрғыда сақталып қалғанына да жаның рахаттанады екен.
Сол мен айтқалы отырған мейірімді, кішіпейіл ақ халатты абзал жандардың бірі де, бірегейі, ауыл медбикесі – Құдайбергенова Айнұр Қалмұратқызы.
Құдай қосқан жан-жарынан ерте айырылған Айнұр күйзелістен тез шығып, өмір ағысына қарай жүзе білді. Сөзімнің дұрыстығының дәлелі – төрт қызын бағып, қағып, үлкен қыздары Гүлназ бен Гүлнараға жоғарғы дәрігерлік оқу орнын, егіз қыздары Балғаным мен Балаусаға медициналық колледждің медбикелік мамандығын тәмамдатты. Қазіргі уақытта қыздарын құтты орындарына  қондырып, рахатын көріп отырған аяулы ана.
Ақ халатты абзал жандардың аялы алақаны жанына жалау іздеп жүрген әрбір жанға керек-ақ. Ендеше, жақсы жандардың жаныңда жүргенін ұмытпайық ағайын!
Аяулы жан, мейірімді медбике Айнұр Қалмұратқызы, Сізді Аналар мерекесімен құттықтаймын! Әр уақытта еңбегіңіздің жемісін көріп, әдемі қалпыңызда Гиппократ антына адал, адам жанының арашасы болып, ел-жұрттың алғысына бөленіп, арамызда аман-есен жүре беріңіз.

Гүлбану Томанова,
зейнеткер.
Мәдімар ауылы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін221
mod_vvisit_counterКеше1783
mod_vvisit_counterОсы аптада3747
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда21826
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2229212

Серіктестер