Онлайн газет



ХАЛЫҚ СҰРАНЫСЫ ҚАЛТАРЫСТА ҚАЛМАЙДЫ

Өткен сәрсенбі күні аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде Сарыкемер ауылының тұрғындарымен
кездесу өткізді.
Кездесуде алдымен Дәуір Рысбайұлы сөз алып, 2022 жыл аудан үшін табысты жыл болғанын атап өтті. Мемлекеттік бағдарламалар аясында атқарылған жұмыстар мен ауыл шаруашылығы саласында қол жеткізген жетістіктер көп болды. Аудан орталығында заманауи үлгіде 3 қабатты 250 келушіге арналған емхана соғылып пайдалануға берілсе, биылғы жылы оның маңынан аудандық аурухана соғылатын болады. Ауылдағы ең үлкен деген Д.Қонаев және Байзақ батыр көшелері жөндеуден өтсе, қалған көшелер биылғы жылы жөнделетіні туралы атап өтті.


-Биыл жақсы жыл болғалы тұр. Аудан әкімінің орынбасары Дәуір Рысбайұлы атап өткендей аудан орталығында көп жұмыстар істелді. Ал биылғы жылы 600 орындық «Жайлы мектеп» және «Астана» балабақшасы маңынан тағы бір мектеп салынғалы отыр. 5 көп қабатты үй, спорт кешені соғылады деп күтілуде. Биыл көше бойына тартылған ауыз сулардың 80 пайызы үйлерге кіргізілсе, 31 шақырымды құрайтын үлкенді-кішілі бірнеше көше жөнделетін болады,-деді округ әкімі Сәуле Сейдімханқызы.
Кездесуде ауыл тұрғындары Б.Орынбаев, А.Құрманбаев, З.Бабажанова, М.Талқашова, А.Ақшалов, тағы басқалар сөйлеп, көшелерді жөндеу, көше жарығы, қаңғыбас иттер, құлағалы тұрған бағаналарды ретке келтіру, көшеге шағал тас төсеу, дренажды тазалау, ауыл көшелеріне автобус жүргізу, Сапаралиев көшесін су басу қауіпі, үйге газ кіргізу тәрізді мәселелерді көтерді. Көтерілген мәселелерге округ әкімі Сәуле Тлеуқұлова жеке-жеке жауап берді. Олардың қайсыбірін орындауға бюджеттен қаржы бөлініп қойғанын жеткізсе, енді бірі тиісті мекемелер арқылы орындалатынын атап өтті. Ауыл тұрғындарының өз иттеріне ие болу керектігін, иттерге тіркеу жүргізілетінін айтты. Иттеріне ие болмағандар мен көше бойына қоқыс тастайтындарға айыппұл салынатынында ескертті. Сөз соңында айтылған ұсыныс-пікірлердің кезең-кезеңімен атқарылатынын жеткізді.

Сүндетулла ӘБІЛОВ,
Сарыкемер ауылы.

Обновлено 24.02.2023 11:23
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін72
mod_vvisit_counterКеше1845
mod_vvisit_counterОсы аптада8586
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда38189
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2245575

Серіктестер