Онлайн газет



МАЛ ҰРЛАҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ

Байзақ аудандық сотымен бөтеннің малын ұрлау бойынша (2 бас қой ұрлау, ҚР ҚК 188-1 бабы 3-бөлігі 2-тармағы) айыпталған К.-ге қатысты қылмыстық іс қаралды.
2023 жылдың қаңтар айында К. Байзақ ауданындағы Абай ауылында бөтеннің үй-жайының ауласына заңсыз кіріп, жәбірленуші Р.-ның құны 90 000 теңге тұратын малын, яғни 2 қойын жасырын ұрлаған.
Прокурор қылмыс бойынша К.-ге 5 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленуші Р. келтірілген залал толығымен өтелгеніне байланысты сотталушыға бас бостандығынан айырудан өзге жаза қолдануды сұрады.
К. кінәсін толық мойындады.
К.-нің іс бойынша жиналған дәлелдермен, яғни сотталушының, жәбірленушінің айғақтары мен заттай дәлелдемелермен дәлелденді.
К. жасаған әрекеттері ауыр қылмыстарға жатады және оларды жасағаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот жаза тағайындау кезінде қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде К.-нің шын жүректен өкінуін, материалдық залалды өтеуін таныды. Істі ауырлататын мән-жайды сот қарастырмады.
Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, К.-ге түпкілікті 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Алайда ҚК-нің 63-бабының 1-бөлігінің негізінде К.-ге тағайындалған жазаны шартты деп санап, ҚК-нің 44-бабының 2-бөлігіне сәйкес жазаның барлық тағайындалған мерзіміне пробациялық бақылау белгіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін484
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада7762
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда25841
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2233227

Серіктестер