Онлайн газет



АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Жамбыл облысы, Байзақ аудандық сотымен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық  жасағаны, яғни өз еркімен атқарушылық құжатты орындамағаны үшін У.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қаралды.
Іс-материалдарына сәйкес, құқық бұзушы У.-тен Байзақ аудандық сотының 2016 жылғы 22 тамыздағы атқарушылық құжатына сәйкес 3 190 702 теңге алименттен берешегін төлемеген, сонысымен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
Сот отырысы барысында құқық бұзушы У. кінәсін толық мойындап, алдағы уақытта өндірілмеген алимент берешегін толық төлейтіні жайлы айтып жеткізді.
Байзақ аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы У. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 17 250 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін909
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6926
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32493
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203223

Серіктестер