Онлайн газет



ӨЗ МАМАНДЫҒЫҢДЫ ТАҢДАДЫҢ БА, ЖАС ТҮЛЕК?

Бала кезінен болашақта кім болам деген ой әркімді мазалары анық. Бүгінде  республикамыздың әскери жоғары оқу орындарында сан түрлі мамандық бойынша оқытады. Оның қай саласын таңдау талапкерлердің өз еншісінде. Болашақ маман-өркендеп өсіп келе жатқан елімізге өз үлесін қосатынын білгені жөн. Арманыңның орындалғаны жақсы маман болғаның. Солардың бірі елі  үшін, жері үшін қызмет ететін әскери мамандықты дайындайтын жоғары оқу орындары елімізде жетерлік. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі бойынша әскери оку орындар және көрші Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі 16-21 жастағы  шақырылуға жасы жеткен және жоғары әскери оқу орнына түсуге талабы бар азаматтық жастарды қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығы ЖӘОО талапкер ретінде зерделейді. Жоғары әскери оқу орындарының басты тапсырмасы ұйымдастырушылық қабілетін меңгерген, жігерлі, батыл, тік мінезді және тапқыр, кең инициативті және өз бетінше әрекет ететін, шыныққан, қол астындағыларды тәрбиелеуге және оқытуға қабілетті, жоғары білікті офицер дайындау.
Бітірушілер алған білімдерімен әскерлерде өздерінің міндеттерін табысты атқаруға мүмкіндік береді. Олардың ең күшті қасиеттері жоғары теоретикалық жайындағы, қаруды және жауынгерлік техникаларды мықты білуі, жауынгерлік дайындықты  ұйымдастыруда берік дағдыланған, адамдармен жұмыс істей білуі, әскери борышын терең түсінуі және оны соңына дейін орындауға дайындығы болып табылады. Оқудың барлық жүйесі институттың профессорлы-оқытушылық құрамының және басшыларының негізгі күш салуы өздерінің алған кәсіби біліміне және іскерлігі мен дағдыларын  жетік игеруге бағытталған.
Әскери институттардың оқу-материалдық базасы өзімен кешенді материалдық -техникалық құралдарын, ғимараттарын және қорғаныстарын көрсетуге, қазіргі заманғы әдіспен оқыту және бағдарламаларымен, оқу жоспарларымен, Мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарымен сәйкес курсанттардың барлық мамандықтарының дайындығын қамтамасыз ету үшін бағытталған. Сондай-ақ келісім-шарт қызметіндегі әскери қызметшілердің және офицерлердің біліктілігін жоғарылату ғылыми- педагогикалық кадрлар дайындау және ғылыми зерттеулерді орындау.
Техникалардың және ғылымдардың дамуының қазіргі заманғы деңгейінде әскери мамандардың дайындығы үшін лекциялық аудиториялар, оқу зертханалары, кабинеттер және сыныптар барлық қажетті құралдармен жабдықталған. Оқу үдерісінде интерактивтік және мультимедиялық жабдықтарды, есептеу және компьютерлік аппаратураларды қолданумен қазіргі заманғы техникалық оқу құралдары кеңінен пайдаланылады. Институттардың оқу орталығында курсанттар кез келген ауа райы жағдайында, күндізгі және түнгі уақытта жауынгерлік машиналарды жүргізу бойынша өздерінің шеберлігін ұштайды. Күндіз - түні тактикалық далаларда оқу сабақтары жүргізіледі.
Әскери оқу орындарына талапкерлерді кәсіптік іріктеу жоғары орындарын сапалы толықтыру мақсатында әрбір кандидаты төмендегі бөлімдер бойынша жан-жақты тұлғалық бағалау жолымен жүргізіледі:
1) адамгершілік деңгейі және қоғамдық белсенділігі;
2) әскери-кәсіптік бағдарлығы және қоғамдық белсенділігі;
3) денсаулық жағдайы;
4) дене даярлығы;
5) әскери-кәсіптік бағдарлығы.
Кешенді сынақтау технологиясының негізінде білім және ғылым Министрлігі 2004 жылдан бастап мектеп бітіру емтиханын және оқуға түсу емтиханын қамтитын ¥лттык бірыңғай тестілеу енгізді (бұдан әрі ҰБТ).
ҰБТ төрт пән бойынша жүргізіледі: 3 пән міндетті-қазақ немесе орыс тілі (оқыған тілі), математика, Қазақстан тарихы және таңдаған мамандығына байланысты оқытылатын пәнді еркін таңдау.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін негізгі пән физика.
Жоғары әскери оқу орындары жоғары білімді офицерлерді дайындайды.Жоғары әскери оқу орнын тәмәмдаған жастар лейтенант атағын иемденеді.Мына төмендегі әскери оқу орындары бойынша талапкерлерді шақырамыз.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бойынша әскери оқу орындары:
1. Құрлық әскерлерінің Әскери институты. Алматы қаласы.
2. Кеңес Одағының екі рет Батыры Т. Бегильдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты.Ақтөбе қаласы.
3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің радио-электронды және байланыс әскери-инженерлік институты.Алматы қаласы.
4.  ҚР    Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы.Щучинск қаласы.
Ер-азаматтар әскери оқу орнын өз қалауымен аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөліміне 15-сәуірге дейін өз өтініштерін білдіруге болады.
Өтініште талапкердің аты-жөні, туылған  жылы  тұрғылықты жері, оқуға тапсыруға талап білдірген әскери оқу орнының атауы және келесі құжаттарды ұсынуы керек.
Олар: жеке куәлігі, әскери билет немесе тіркеу куәлігі, орта мектеп бітіргені туралы құжат және мемлекеттік сертификат. Мамандығың-мәңгілік мақтанышың болғай!

Көпбосын НУРДИНОВ,
аудандық қорғаныс  істері жөніндегі бөлімнің бастығы, полковник.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1661
mod_vvisit_counterКеше1537
mod_vvisit_counterОсы аптада3198
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда32801
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2240187

Серіктестер