Онлайн газет



ӨНЕРІМЕН ТОПЖАРҒАН ӨРЕНДЕР

Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығындағы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен «Жас Ұланның жұлдызы!» атты патриоттық ән байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты - жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу және патриоттық шығармалардың отандық авторларына атаулы қолдау көрсету, репертуарды патриоттық тақырыптағы жаңа музыкалық шығармалармен толықтыру, қазақстандық ән туындыларының бәсекелестік әлеуетін арттыру болып табылады.
№4 мектеп лицейде өткен ән байқауын Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының директоры

Еркін Сайлауұлы ашып, үміткерлерге ақ жол тіледі. Бұдан  соң сайыстың аймақтық кезеңінде топ жарған талапкерлер  патриоттық әндерді орындау бойынша өзара сынға түсті. Жас таланттар туған жер, Отан,  ұлттық құндылықтар, туған өлке туралы әндерді әуелете шырқап, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Әділқазылар  алқасының шешімімен Жандос Есенбай (Сарыкемер мектеп-гимназиясы) мен Дарын Есберген (Сарыбарақ негізгі мектебі)  Бас жүлдені жеңіп алды. 1 орынды Бекасыл Дәуренбек (Абай орта мектебі) пен Аружан Кенжебек (Т.Ақбозов орта мектебі) өзара бөлісті. Досымжан Абай (№ 2 орта мектебі) және Гүлім Түймебай (А. Суханбаев орта мектебі) екінші, Балғынбек Жайберген (Н.Киікбаев мектеп-гимназиясы), Балауса Мэлс (№4 мектеп-лицей), Мерей Мырзакерім (Амангелді орта мектебі), Бекбарыс Амангелді (Диқан тірек мектебі), Бақдәулет Назар (Берікқара орта мектебі), Иманғали Қалбек (Ғ.Байтасов тірек мектебі), Айдана Шарапат (Үлгілі орта мектебі), Кәусар Жамаш (Қостөбе орта мектебі) үшінші орынды иеленді.
Топ жарған жеңімпаздарға  ұйымдастырушылар тарапынан Дипломдар табыс етілді.

 

Асел Ибрагимова,
үйлестіруші.

Обновлено 24.02.2023 10:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін70
mod_vvisit_counterКеше1698
mod_vvisit_counterОсы аптада9046
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда27125
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234511

Серіктестер