Онлайн газет



ЕЛ АЛДЫНДА ТҰРҒАН ОРТАҚ МӘСЕЛЕ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ең өзекті мәселе. Елімізде осы мәселеге байланысты арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да ауқымды. Мәселен, елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілген болатын.Тұжырымдаманың мақсаты-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру, жемқорлықтың деңгейін төмендету арқылы оған қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту.
Жемқорлыққа жол бермес үшін еліміздің әр азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті.
Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында осы бір келеңсіз құбылыстың алдын алу мақсатында жүйелі іс-шаралар өткізіліп отырады.
Қоғамға кереғар әсер ететін сыбайлас жемқорлықпен жұмыла күрескенде ғана  оны түбегейлі жеңуге болады.

Эльмира Мамраимова,
Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1239
mod_vvisit_counterКеше1764
mod_vvisit_counterОсы аптада4540
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда34143
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2241529

Серіктестер