Онлайн газет



МҰЗ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Балық аулау – кең таралған ермек. Бірақ балық аулаушылар судағы қауіпті елемей, немқұрайлықпен қарайды. Балық аулаған кезде қауіпсіздік шаралары ескерілмеуі де мүмкін. Оған қоса су айдындарындағы, өзен көлдегі қайғылы оқиғалар балықшылардың көпшілігі су қоймаларында қауіпсіздік техникаларын сақтамаудан, синоптиктердің ауа райы болжауын және Төтенше жағдайлар департаментінің ескертулерін ескермеуден орын алады.
Дауылды кезеңде жүзу құралдарымен балыққа шығу, тексерілмеген, бұзылған құралдарды пайдалану, мас күйінде балық аулау – бұлардың бәрі балықшылар үшін қауіпті. Осыған сәйкес Төтенше жағдайлар департаменті мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды.
Адамның мұздан  қауіпсіз болуының негізгі жағдайлары мыналар:
- Балық аулауға мұз қалыңдығы 10 сантиметрден асқаннан кейін ғана шығу керек. Күн жылынғанда олардың салмақ көтеру қабілеті бірнеше есеге төмендейді;
- Балық аулауға шыққанда арқанды алып шығу маңызды. Іс насырға шапқанда арқанның жүк байланған жағын көмек қажет ететін адамға лақтырып, оны судан шығарып алуға болады;
- Балық аулауға су қоймасын жақсы білетін тәжірибелі балықшылармен шыққан дұрыс;
- Мұз үстінде жүргенде адамдар арадағы 5-6 метр қашықтықты сақтау керек;
- Жүкті мұзға құлағанда оңай лақтыра салатындай жинау керек;
- Мұз ұңғымаларын көптеп жасаудың қажеті жоқ. Бұл мұздың беріктігін әлсіретеді. Кетерде олардың орнын белгілеп кеткен жөн;
- Суы ағынды жерлерде, терең сынықтары бар орындарда, өсімдіктер өскен, кәсіпорын қалдықтары төгілетін жерлерде балық аулауға тыйым салынады.
Құтқарушылардың көмегі қажет болған жағдайда “101”, “112” телефондарына хабарласыңыздар.

Н. Сандыбаев,
Н. Төлемісов,
Б. Туйжаргенов,
ҚР Төтенше жағдайлар Министрлігінің Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының 4-курс курсанттары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1599
mod_vvisit_counterКеше2235
mod_vvisit_counterОсы аптада8877
mod_vvisit_counterӨткен аптада6251
mod_vvisit_counterОсы айда26956
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2234342

Серіктестер