Онлайн газет



ҰСЫНЫС-ТІЛЕКТЕР НАЗАРҒА АЛЫНДЫ

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы” Жарлығына сәйкес, өткен аптаның жұмасында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Болат Сағынбеков бекітілген кестеге орай, Ынтымақ және Темірбек ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аталған округтердің әкімдері Мейірбек Ноғаев пен Артур Утебаев өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып, биылғы жылы жасалатын жұмыстар жайлы айтып өтті.
Мұнан кейін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Болат Мырзаханұлы қос ауылдың тұрғындарына ауданымызда қолға алынған игілікті тірліктерді айтып, “Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру” пилоттық жобасының маңыздылығына екпін салды. Ел алдында тұрған басты міндеттің бірі - ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, тұрмыс сапасын көтеру, қолайлы орта қалыптастыру болып табылатындығын жеткізді.Тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру жөніндегі жобаға Ынтымақ пен Темірбек ауылдық округтері енгендігін, аталмыш жобаның тиімділігін және жоба шеңберінде қаржыландырылатын бес бағытты кеңінен түсіндірді.


Мәдімар ауылында өткен кездесудегі сұрақ-жауап кезегінде Ынтымақ ауылдық округі ардагерлер алқасының мүшесі Асан Әлмақашов Мәдімар ауылының орталығына бейнебақылау, ал кіреберіс жол бойына жарық қондырғылары орнатылғандығын жеткізіп, бұл үшін округ, аудан басшыларына алғысын айтты. Ауыл тұрғыны Жамбыл Дәулетов Қ.Нұранова көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген тілегін білдірді.
Шахан ауылында өткен жиында ардагерлер кеңесінің мүшесі  Қырықбай Айнақұлов жергілікті тұрғындарды ауыз сумен қамту жайын алға тартты. Ауыл тұрғындары Т.Тәжібаевті несие шарттары мен кепілдікке қойылатын мүліктің бағасы қызықтырса, ал Ж.Әбдібаев каналдарды қамыстан тазарту жайын көтерді.
Ағын су және каналдарды тазартуға қатысты сауалдарға “ҚазСушар” РМКА Жамбыл филиалына қарасты Байзақ өндірістік бөлімшесінің басшысы Қасымбек Жүзбаев түсініктеме берді.
Пилоттық жобаға қатысты көтерілген сауалдарға Болат Сағынбеков жан-жақты жауап берді. Айтылған ұсыныстар назарға алынып, кезең-кезеңімен шешімін табатыны жайлы айтты.

«Ауыл жаңалығы» - ақпарат.

Обновлено 21.02.2023 10:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1202
mod_vvisit_counterКеше1699
mod_vvisit_counterОсы аптада6202
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда35805
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2243191

Серіктестер